Теміржол бойына шыққан жануарлар 401 рет пойызды шұғыл тоқтатуға себеп болған

Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Теміржол көліктері 142 жылқыны, 69 ірі қараны, 30 ұсақ малды және басқа да жануарларды қағып кеткен
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Көліктегі ПД-да пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 554 дерек тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 554 оқиғаны тіркеді. Оның ішінде 401 жағдай теміржол бойына шыққан жануарларға байланысты орын алған. Атап айтқанда, теміржол көліктері 142 жылқыны, 69 ірі қараны, 30 ұсақ малды және басқа да жануарларды қағып кеткен.
"Мәселен, жуырда Павлодар облысында электровоз жылқыны, ал Маңғыстау облысында жүк пойызы ірі қараны қағып кеткен. Алматы мен Түркістан облыстарында да теміржол бойында жайылып жүрген малмен соқтығысудың алдын алу мүмкін болды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған деректер бойынша көлік полицейлері жануар иелерін шұғыл анықтап, оларды теміржол аймағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Полиция теміржол бойында қараусыз мал қалдыру тек әкімшілік құқық бұзушылық қана емес, ол адамдардың өмірі мен пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.
Қытайдан Қазақстанға алғашқы туристік пойыз аттанады - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Қытайдан Қазақстанға алғашқы туристік пойыз аттанады
Жаңалықтар
0