https://sputnik.kz/20250528/sherzat-soty-gayypbaevtyn-zharaqaty-omirine-esh-qauip-tondirgen-zhoq--sarapshy-53975800.html
Шерзат соты: Ғайыпбаевтың жарақаты өміріне еш қауіп төндірген жоқ – сарапшы
Шерзат соты: Ғайыпбаевтың жарақаты өміріне еш қауіп төндірген жоқ – сарапшы
Sputnik Қазақстан
Миы шайқалған, маңдай бөліктен соққы тиген, терісі сыдырылған 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T10:43+0500
2025-05-28T10:43+0500
2025-05-28T10:43+0500
шерзат полат
сот
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47798978_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_4ba41a566115565aa4ddeb9d5ac14b25.jpg
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Нұрғанат Ғайыпбаевтың жарақатына сараптама жасаған Алматы облысы бойынша сот сараптамалар институтының сарапшысы Өмірбек Жолымбетовтен жауап алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ғайыпбаевқа сараптама 9 қазанда жасалған. Оның денесіндегі жарақаттар өмірге қауіп төндірмейді, дейді сот-медициналық сарапшы Жолымбетов.Қысқасы сот-медициналық сарапшы Ғайыпбаевтың жарақаты өміріне қауіп төндірген жоқ дейді."Жамбасындағы үш дене жарақаты терең емес, анатомиялық құрылым бойынша жамбастағы бұл жарақаттар ірі қан тамырлары болмағандықтан жеңіл дене жарақаты деп бағаланды. Сараптама оқиға болғаннан кейін бір аптадан соң жасалды", - дейді Жолымбетов.Оның айтуынша, жамбасына бір ғана заттан жарақат салынған. Мұндай дене жарақатынан адам есін жоғалтпайды, адамды мүгедек етпейді, өзі жазылып кетеді.Еске сала кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20250516/sherzat-olimi-myltyq-atpa-dep-zharmastym---sottalushy-ravil-sakiev-zhauaby-53614959.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47798978_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_0948908e9086242c9ce69259f94e4e82.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шерзат полат , сот
Шерзат соты: Ғайыпбаевтың жарақаты өміріне еш қауіп төндірген жоқ – сарапшы
Миы шайқалған, маңдай бөліктен соққы тиген, терісі сыдырылған
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Нұрғанат Ғайыпбаевтың жарақатына сараптама жасаған Алматы облысы бойынша сот сараптамалар институтының сарапшысы Өмірбек Жолымбетовтен жауап алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ғайыпбаевқа сараптама 9 қазанда жасалған. Оның денесіндегі жарақаттар өмірге қауіп төндірмейді, дейді сот-медициналық сарапшы Жолымбетов.
"Медициналық құжаттарға сәйкес, клиникалық жабық ми жарақатын алған. Миы шайқалған, маңдай бөліктен соққы тиген, терісі сыдырылған. Шүйде бөлігі қанталаған, кеуде қуысынан жабық жарақат алған, оң жақ жамбасында шаншыла кесілген жарақат болды. Сараптамаға сәйкес, үш аптадан аспайтын уақытқа денсаулыққа жеңіл түрде зиян келтіру деп сараланды", - деді сарапшы Өмірбек Жолымбетов.
Қысқасы сот-медициналық сарапшы Ғайыпбаевтың жарақаты өміріне қауіп төндірген жоқ дейді.
"Жамбасындағы үш дене жарақаты терең емес, анатомиялық құрылым бойынша жамбастағы бұл жарақаттар ірі қан тамырлары болмағандықтан жеңіл дене жарақаты деп бағаланды. Сараптама оқиға болғаннан кейін бір аптадан соң жасалды", - дейді Жолымбетов.
Оның айтуынша, жамбасына бір ғана заттан жарақат салынған. Мұндай дене жарақатынан адам есін жоғалтпайды, адамды мүгедек етпейді, өзі жазылып кетеді.
Еске сала кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр.