https://sputnik.kz/20250528/qazaqstan-men-ozbekstan-densaulyq-saqtau-salasynda-khalyqaralyq-khab-qurady-53964613.html
Қазақстан мен Өзбекстан денсаулық сақтау саласында халықаралық хаб құрады
Қазақстан мен Өзбекстан денсаулық сақтау саласында халықаралық хаб құрады
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар Қазақстан балалар қатерлі ісігі бойынша халықаралық академиялық хаб құруды ұсынды 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T08:41+0500
2025-05-28T08:41+0500
2025-05-28T08:41+0500
денсаулық сақтау министрлігі
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0f/49310786_0:134:1280:854_1920x0_80_0_0_c9a77937358140041e4082d41c4b5274.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Асилбек Худаяров денсаулық сақтау саласында халықаралық хаб құру туралы келісім жасады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Ақмарал Әлназарова Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында ересектер онкологиясы мен онкогематологиясы бойынша және UMC Жүрек орталығының базасында балалар кардиохирургиясы бойынша Халықаралық хаб құруды ұсынды. Бұл хаб Қарақалпақстан балаларына да медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Министрдің айтуынша, Қазақстандағы бірқатар медициналық бағыттар қазірдің өзінде халықаралық деңгейде табысты бәсекеге қабілетті. Ел стационарларында заманауи халықаралық стандарттарға сай технологиялар белсенді енгізілуде, бұл халықты жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ташкентте өткен "Балалар үшін диалог: Орталық Азия және ЮНИСЕФ" атты жоғары деңгейдегі конференция шеңберінде Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Асилбек Худаяровтың екіжақты кездесуі өтті.Кездесу барысында балалар денсаулығын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.Оның айтуынша биыл қазан айында Астанадағы Ұлттық онкология орталығының базасында жылына 800-ден астам адамды қабылдай алатын Протондық терапия орталығы іске қосылады. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің балаларына радиойодтерапия жүргізу жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20250524/densaulyq-saqtau-ministrligi-dari-darmek-bagasyn-30-ga-deyin-arzandatuga-uade-berdi-53837115.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0f/49310786_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_1ee7058dd74932c9e28dfe318be23513.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, өзбекстан
денсаулық сақтау министрлігі, өзбекстан
Қазақстан мен Өзбекстан денсаулық сақтау саласында халықаралық хаб құрады
Сонымен қатар Қазақстан балалар қатерлі ісігі бойынша халықаралық академиялық хаб құруды ұсынды
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Асилбек Худаяров денсаулық сақтау саласында халықаралық хаб құру туралы келісім жасады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ақмарал Әлназарова Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында ересектер онкологиясы мен онкогематологиясы бойынша және UMC Жүрек орталығының базасында балалар кардиохирургиясы бойынша Халықаралық хаб құруды ұсынды. Бұл хаб Қарақалпақстан балаларына да медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Министрдің айтуынша, Қазақстандағы бірқатар медициналық бағыттар қазірдің өзінде халықаралық деңгейде табысты бәсекеге қабілетті. Ел стационарларында заманауи халықаралық стандарттарға сай технологиялар белсенді енгізілуде, бұл халықты жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Кездесу қорытындысы бойынша 2025 жылы Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндерін, ал 2026 жылы Қазақстанда Өзбекстан медицинасы күндерін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар тараптар денсаулық сақтау саласында халықаралық хаб құру туралы уағдаластық жасады", - деп жазылған хабарламада.
Ташкентте өткен "Балалар үшін диалог: Орталық Азия және ЮНИСЕФ" атты жоғары деңгейдегі конференция шеңберінде Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Асилбек Худаяровтың екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында балалар денсаулығын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
"Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық инновациялық әдістері: иммуногистохимия, иммунофенотиптеу, арнайы онкомаркерлерді анықтау, сүйек пен жұмсақ тін саркомалары кезінде жоғары дозалы химиотерапия, сүйек саркомалары кезінде ағзаны сақтап қалатын хирургиялық әдістер кеңінен енгізілуде", — деді министр.
Оның айтуынша биыл қазан айында Астанадағы Ұлттық онкология орталығының базасында жылына 800-ден астам адамды қабылдай алатын Протондық терапия орталығы іске қосылады. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің балаларына радиойодтерапия жүргізу жоспарланып отыр.