Мектеп бағдарламасына жылқы туралы арнайы модуль енгізу керек – Аманжол Әлтай

© AP Photo / Vladimir VoroninМектеп бағдарламасына жылқы туралы арнайы модуль енгізу керек – Аманжол Әлтай
Мектеп бағдарламасына жылқы туралы арнайы модуль енгізу керек – Аманжол Әлтай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Депутаттың ойынша, өңірлерде кемінде бес заманауи ат спорты кешенін салу қажет
АСТАНА, 28 мамыр– Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына жылқы туралы арнайы модуль енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Әлтай жас ұрпақ арасында жылқы мәдениетін насихаттау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бұл - стратегиялық маңызы бар міндет.
"Қазіргі мектеп бағдарламаларында жылқының қазақ мәдениетіндегі, тарихындағы орны жүйелі түрде қамтылмаған. Осы орайда мектеп бағдарламасына жылқының анатомиясы, күтімі, ерекше қасиеттері жайлы арнайы модуль енгізу керек", - деді Әлтай.
Оның ойынша, өңірлерде кемінде бес заманауи ат спорты кешенін салу қажет. Ал иппотерапияны кеңінен қолдануға болады.
"Иппотерапия — ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ғылыми тұрғыда дәлелденген тиімді оңалту әдісі. АҚШ, Германия, Канада сияқты елдерде бұл тәжірибе ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне енгізілген. Зерттеулер көрсеткендей, атқа міну аутизм, ДЦП және басқа да неврологиялық диагноздармен өмір сүретін балалардың қозғалыс координациясын, сөйлеу және эмоционалдық дамуын едәуір жақсартады", - деп атап көрсетті депутат.
Әлтайдың айтуынша, иппотерапияны тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне де енгізуге болады.
Ұлы дала жорығы марафон-бәйгесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
Қазақстанда ат спортының жаңа түрі пайда болды
Жаңалықтар
0