Қазақстанда ат спортының жаңа түрі пайда болды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области"Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесі
Ұлы дала жорығы марафон-бәйгесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
Жазылу
"Ұлы дала жорығы – 2023" марафон-бәйгесінің маусымы 6 қыркүйекте Қаражар ауылында басталады
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ ұзын қашықтықтарға арналған ат спортының мүлдем жаңа түрі – Жорық пайда болды. Ол алғаш рет 2022 жылы өткен "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің нәтижесінде дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда тай-бәйге, құнан-бәйге, аламан бәйге, жорға бәйге секілді ат жарыстарының бірнеше түрі белгілі. Алайда олардың біреуі де Жорық сияқты ұзақ қашықтыққа арналмаған.
"2022 жылы "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің алғаш маусымы ойдағыдай өтті. Бұл оқиға ат спорты әлеміндегі нағыз жаңалық болды. Бірінші марафонның қашықтығы 1200 шақырымды құрады. Оның қашықтығы мен қиындығына қарамастан, 95 тұлпардың 26-сы ойдағыдай мәреге жетті", - деп хабарлады "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің ұйымдастыру комитеті.
Моңғолияда осындай ат марафоны өткізіледі. Алайда онда ашықтық 1000 шақырымды құрайды. Бұл ретте әр 40 шақырым сайын жылқы ауыстырылып отыратынын ескерген жөн.
Ал біздің жағдайда марафон қашықтығының жартысы - 650 шақырымнан кейін бір рет қана ат ауыстырыу рұқсат етіледі. Бұл тағы бір мәрте қазақтың жылқы тұқымдарының ерекше төзімділігін растайды.
Биылғы маусымда қашықтық 1300 шақырымды құрайды. Шабандоздар Астанадан Түркістанға дейінгі бағытты 14 күн ішінде өтуге тиіс. Бұл міндетті аз уақыт ішінде орындап шығатын команда "Ұлы дала жорығы" марафон- бәйгесінің абсолютті жеңімпазы атанады.
"Ұлы дала жорығы – 2023" марафон-бәйгесінің маусымы 6 қыркүйекте сағат 14:00-де Қаражар (Ильинка) ауылында басталады.
Жаңалықтар
0