Диетолог ұйықтар алдында қандай тағамдарды жеуге болмайтынын айтты

© Sputnik/Ертай СарбасовВ Алматы проходит 26-ая Центрально-Азиатская Международная выставка "Пищевая промышленность – FoodExpo Qazaqstan"
В Алматы проходит 26-ая Центрально-Азиатская Международная выставка Пищевая промышленность – FoodExpo Qazaqstan - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Цитрус жемістері мен қызанақ асқазанда артық қышқылдың пайда болуына себеп болады
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ұйықтар алдында тәтті тағам – кәмпит, йогурт немесе жемісті ешқашан жемеген адам жоқ шығар. Бірақ британиялық нутрициолог Кайл Кроули мұндай "пайдалы" өнімдердің өзі түнде тұтынылса, денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды DailyMail басылымы.
Диетолог Кайл Кроулидің айтуынша, цитрус жемістері мен қызанақ сияқты қышқыл тағамдар асқазанда артық қышқылдың пайда болуына себеп болады. Ал бұл қыжыл және басқа жағымсыз әсерлер тудырады.
Сарапшы егер мұны елемейтін болсаңыз, проблема күрделене түсуі мүмкін екенін ескертті. Созылмалы рефлюкс өмір сапасын төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар асқазан мен өңеш қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады. Статистикаға сәйкес, Ұлыбританияның әрбір төртінші тұрғыны бұл мәселеге тап болады.
Сонымен қатар қышқылдық рефлюкс белгілері көп жағдайда асқазан мен өңеш қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін жасырады – өйткені белгілері ұқсас: ауырсыну, жүрек айнуы, жұтумен байланысты проблемалар.
Бірақ сарапшылар жағымсыз салдардан аулақ болу қиын емес екенін атап өтті. Ұйықтар алдында кем дегенде екі сағат бұрын тойып тамақтанбау жеткілікті.
Диетолог Кайл Кроулидің айтуынша, әсіресе төсекте жатып қышқыл тағамдарды жеу зиянды. Апельсин, қызанақ және грейпфрут сияқты тағамдар асқазан мен өңеш арасындағы клапанды тітіркендіреді.
Ұйықтар алдында әсіресе не жеуге болмайды:
цитрус жемістері (мысалы, апельсин, грейпфрут);
қызанақ;
қышқыл тағамдар;
майлы тағамдар.
"Егер төсекте тамақ ішсеңіз, оны жатып емес, отырып ішіңіз", - деп кеңес берді сарапшы. - Бұл қыжыл мен түн ортасында оянудан аулақ болуға көмектеседі".
Қышқыл тағамдардан басқа, ұйықтар алдында майлы тағамдардан бас тарту керек. Майлар өңештегі клапанды босаңсытатын гормон бөлдіреді, бұл қышқылдың оңай жоғары көтерілуіне мүмкіндік береді.
Ұйықтар алдында не жеуге болады?
Егер кешке тамақ ішпей жата алмасаңыз, жаңғақ немесе сүт сияқты жұмсақ, бейтарап тағамдарды таңдау керек. Бұл тағамдар ас қорыту және ұйқы проблемаларын тудырмайды.
Ананас   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Диетолог ең зиянды жеміс шырындарын атады
Жаңалықтар
0