Депутат Тұлпар күнін атап өтуді ұсынды

Жылқы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Көптеген мемлекетте жылқыға арналған ұлттық күндер бар
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда Тұлпар күнін бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, жылқының қазақ тарихындағы рөлін символикалық тұрғыдан мойындау – уақыт талабы.

"Көптеген мемлекетте жылқыға арналған ұлттық күндер бар. Қазақстанда да "Тұлпар күні" деп арнайы датаны бекітуді ұсынамын", - деді Әлтай мәжілістің бүгінгі отырысында.

Төменгі палатаның өкілі үкіметке жолдаған депутаттық сауалында шабандоз, атбегі, тағашы, ипполог-ветеринар, атқа міну нұсқаушысы сынды негізгі мамандықтар бойынша жүйелі білім беру әлі жолға қойылмағанын да ерекше атап өтті. Оның ойынша, колледждер мен жоғары оқу орындарында арнайы бөлімдер ашып, мемлекеттік гранттар бөлу қажет.
Айта кетері, Әлтай мектеп бағдарламасына жылқы туралы арнайы модуль енгізуді де ұсынды.
Жаңалықтар
0