Тоқаев Әлиевті Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев провели переговоры
 Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев провели переговоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.
Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Тоқаев Әзербайжан президентіне жеделхат жолдады
Жаңалықтар
0