https://sputnik.kz/20250524/toqaev-azerbayzhan-prezidentine-zhedelkhat-zholdady-53840061.html
Тоқаев Әзербайжан президентіне жеделхат жолдады
Тоқаев Әзербайжан президентіне жеделхат жолдады
Sputnik Қазақстан
Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығаятынына сенім білдірді 24.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-24T10:26+0500
2025-05-24T10:26+0500
2025-05-24T10:26+0500
әзербайжан
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0b/42801668_0:52:1280:772_1920x0_80_0_0_f57e7998316081bc0e4fe912ab7b97f1.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 500 млн доллардан асты. Екі ел тауар айналымын неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге мүдделі. Мәселен, Қазақстан Әзербайжанға 340 млн доллардан астам сомаға шикізаттық емес тауарлардың 130 түрін жеткізу көлемін арттыруға дайын. Былтыр Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Екі елдің темір жолдары арасында Digital Trade Corridor платформасын интеграциялау аяқталды.
https://sputnik.kz/20250303/ukimet-basshysy-bakuga-resmi-saparmen-bardy-51315341.html
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0b/42801668_92:0:1189:823_1920x0_80_0_0_8a6b17d60f0735d96bb26d0ac03ed67b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әзербайжан, қасым-жомарт тоқаев
әзербайжан, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Әзербайжан президентіне жеделхат жолдады
Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығаятынына сенім білдірді
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын қамтитын бұл тарихи құжат қазақ-әзербайжан байланысын дамытудағы маңызды кезеңнің басталғанын айқындап, көптеген сала бойынша өзара ықпалдастықты нығайтуға берік негіз қалады. Бірлескен күш-жігер арқылы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін халықтарымыздың игілігі жолында пайдаланамыз деп сенемін", – делінген құттықтау жеделхатында.
Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 500 млн доллардан асты.
Екі ел тауар айналымын неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге мүдделі. Мәселен, Қазақстан Әзербайжанға 340 млн доллардан астам сомаға шикізаттық емес тауарлардың 130 түрін жеткізу көлемін арттыруға дайын. Былтыр Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Екі елдің темір жолдары арасында Digital Trade Corridor платформасын интеграциялау аяқталды.