Былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 500 млн доллардан асты

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҮкімет басшысы Бакуға ресми сапармен барды
Үкімет басшысы Бакуға ресми сапармен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
Әзербайжан Қазақстанның Қарабақты қалпына келтіру үдерісіне қосқан үлесін де жоғары бағалады
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның үкімет басшысын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те қабылдады. Ал осы елдің премьер-министрі Әли Асадовпен үкіметаралық келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 533 млн долларды құрады. Екі ел тауар айналымын неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге мүдделі. Мәселен, Қазақстан Әзербайжанға 340 млн доллардан астам сомаға шикізаттық емес тауарлардың 130 түрін жеткізу көлемін арттыруға дайын. Былтыр Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Екі елдің темір жолдары арасында Digital Trade Corridor платформасын интеграциялау аяқталды.
Бакуде бірқатар құжатқа да қол қойылды. Соның ішінде Қазақстан-Әзербайжан бағытындағы су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау және салу жөніндегі құжат бар. Осы жоба байланыстың сапасы мен сенімділігін арттыру, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді беруді кеңейту үшін стратегиялық маңызға ие.
Әзербайжан Қазақстанның Қарабақты қалпына келтіру үдерісіне қосқан үлесін де жоғары бағалады.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Цифрландыру арқылы артық шығындарды азайту қажет – Бектенов
Жаңалықтар
0