Цифрландыру арқылы артық шығындарды азайту қажет – Бектенов

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
Бұл тәсіл министрлік жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін атап өтті.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ведомство өзінің аумақтық бөлімшелерінің қызметін оңтайландыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Сот орындаушысының роботы арқылы жеңілдетілген өндіріс дамытылып жатыр. Робот арқылы өндіріп алу сомасын 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін көбейту жоспарлануда, бұл азаматтардың өз қаражатын үнемдеуіне мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, азаматтарға заң қызметтерін көрсету тетігін, сот-сараптама қызметін жүргізу әдістемелерін жетілдіру, әзірленіп жатқан заң жобаларының сапасын арттыру үдерісі жүргізіліп жатыр. Әділет министрінің айтуынша, бұл шараларды қабылдау қызмет көрсету сапасын, сондай-ақ аумақтық органдар жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік тудырады.
Бектенов шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуға тиіс екенін баса айтты.
"Сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толығымен қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты", - деді премьер-министр.
Жаңалықтар
0