Ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды: бортта көз жұмған әйел Ресей азаматы екені белгілі болды

© Photo : Международный аэропорт АктобеРесейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
Ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Ол ұшақ қонбай тұрып қайтыс болған
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Ақтөбеге шұғыл қонған ресейлік ұшақ бортында көз жұмған әйел Ресей азаматы екені бегілі болды.
Ұшақ жолаушының денсаулығының кенет нашарлауына байланысты шұғыл қонды. Қонғаннан кейін ұшаққа медициналық бригада жіберілді.
"1983 жылы туған жолаушы әйел ұшақ Ақтөбеге қонбай жатып қайтыс болды", - деп хабарлады бұған дейін Ақтөбе әуежайындағылар.
Еске салайық, ұшақ Екатеринбургтен Сочиге ұшып бара жатқан, бірақ оқыс жағдайға байланысты Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған.
Әуе кемесінің бортында 564 жолаушы болған.
Қызылорда облысында шегірткеге қарсы 10 мың гектар жері өңделді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Қызылорда облысында шегірткеге қарсы дәрі себуге екі ұшақ жұмылдырылды
Жаңалықтар
0