Ақтөбеде ресейлік ұшақ шұғыл қонды – жолаушы көз жұмды

© Photo : Международный аэропорт АктобеСамолет Boeing-777 авиакомпании Nordwind Airlines совершил внеплановую посадку в аэропорту Актобе
Самолет Boeing-777 авиакомпании Nordwind Airlines совершил внеплановую посадку в аэропорту Актобе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде ресейлік ұшақ шұғыл қонды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"27.05.25 сағат 12:40-та Екатеринбург - Сочи бағыты бойынша NWS504 рейсін орындаған Nordwind Airlines компаниясының Boeing-777 ұшағы Ақтөбе халықаралық әуежайына шұғыл қонды", - деп жазылған Ақтөбе халықаралық әуежайының хабарламасында.
Жоспардан тыс қонуға борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Қонғаннан кейін әуе кемесіне жедел әрекет ету қызметі мен медициналық бригада шұғыл жөнелтілді.
"Өкінішке қарай, барлық шара қолданылғанына қарамастан жолаушыны құтқару мүмкін болмады. Жолаушы 1983 жылы туған әйел ұшақ Ақтөбеге қонбай жатып қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Ұшақ бортында 564 жолаушы болған.
Ақтаудағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Ақтаудағы ұшақ апаты: министр тергеу қай сатыда тұрғанын айтты
Жаңалықтар
0