Қытайдан келген туристер легі 9 есе өсті

© Sputnik /Камшат АбдирайымМеста отдыха в Алматы
Места отдыха в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Қазақстан Қытайдың туристік нарығындағы орнын нығайтып келеді
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстанға Қытайдан келген туристер легі 2019 жылмен салыстырғанда 9 есе өсті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
27-29 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан ITB China 2025 халықаралық көрмесіне Қазақстан да қатысып жатыр. Ұлттық стендте Астана мен Алматы қалаларының туристік әлеуетіне, сондай-ақ өңірлік табиғи және мәдени бағыттарға ерекше назар аударылған. Келушілерге арнайы бейнематериалдар, қытай тіліндегі ақпараттық материалдар және іскерлік кездесулер ұсынылуда.
"Қытай – Қазақстан үшін негізгі туристік нарықтардың бірі. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қытайдан келген туристер саны 650 мың адамнан асып, 2019 жылмен салыстырғанда 9 есе өскен", - деп жазылған хабарламада.
Тек 2024 жылы еліміздегі қонақүйлерде 173 987 қытайлық туристке қызмет көрсетілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 66%-ға көп.
Туристер ағынының артуына екі ел арасында визасыз режимнің енгізілуі, әуе рейстерінің көбеюі және Қытай нарығына бағытталған ақпараттық жұмыстың жүйелі түрде жүргізілуі ықпал етті.
ITB China – Қытайдағы ең ірі B2B форматындағы туристік көрмелердің бірі. Биылғы көрмеге 80 елден 600-ден астам экспонент қатысуда.
Больница, врач - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Қазақстанда медициналық туризм дамып келеді - министрлік
Жаңалықтар
0