Қазақстанда медициналық туризм дамып келеді - министрлік

© Sputnik / Абзал КалиевБольница, врач
Больница, врач - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. 2024 жылы UMC клиникаларының базасында 2000-нан астам шетелдік пациент емделді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Неліктен Қазақстанды медициналық туризм үшін таңдайды?
Сапалы медициналық көмек
Диагностика мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістері
Дамыған аурухана инфрақұрылымы
Жоғары білікті дәрігерлер
Медициналық қызметтердің құны шет елдерге қарағанда төмен
"Олар қымбат, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, хирургиялық араласуды, соның ішінде жүрек операцияларын, стоматологиялық көмекті, онкологияны емдеуді және буындарды протездеуді таңдайды", - делінген министрлік ақпаратында.
Бізге қай жақтан емделуге келеді?
Бұл Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан сияқты таяу шет елдер.
Сонымен қатар, Түркия, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Аустралия елдерінен келеді.
Беременная женщина сложила руки на животе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2024
Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі
Жаңалықтар
0