https://sputnik.kz/20241021/densaulyq-saqtau-ministrligi-analar-saulygy-bagdarlamasyn-azirledi-47978123.html
Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі
Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын... 21.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-21T13:36+0500
2024-10-21T13:36+0500
2024-10-21T13:36+0500
жүкті әйел
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/1023/36/10233619_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_5577e5a6f406c7a3afaa63345dc19d31.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі. Учаскелік дәрігерлер оның денсаулығының индексін анықтау үшін фертилдік жастағы әрбір әйелді тексереді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Министрліктің хабарлауынша, жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.Елімізде әрбір әйел жас кезінен бастап уақытылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды, екенін ескертеді ведомство.ДСМ әйелдерді емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырады."Бүгінгі таңда елімізде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел. Олар отбасында орталық рөл атқарады. Әйелдер денсаулығын сақтау және нығайту — біздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуымыздың негізі", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20231110/ansagan-sabi-bagdarlamasy-2030-zhylga-deyin-uzartyldy-40094124.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1023/36/10233619_106:0:1814:1281_1920x0_80_0_0_7fe4c41e6b0af49e3b84b00f1eaa7803.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүкті әйел, денсаулық сақтау министрлігі
жүкті әйел, денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі.
Учаскелік дәрігерлер оның денсаулығының индексін анықтау үшін фертилдік жастағы әрбір әйелді тексереді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрліктің хабарлауынша, жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.
"Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі. Гравидаралды даярлық – денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды бала көтеруге, кейіннен жүктілікке және сау баланың тууына даярлауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдеу іс-шараларының кешені", - деп түсіндірді министрлік.
Елімізде әрбір әйел жас кезінен бастап уақытылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды, екенін ескертеді ведомство.
ДСМ әйелдерді емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырады.
"Бүгінгі таңда елімізде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел. Олар отбасында орталық рөл атқарады. Әйелдер денсаулығын сақтау және нығайту — біздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуымыздың негізі", - делінген хабарламада.