Балалардың құқықтық жағынан қорғалуы 90%-ке жетті - министрлік

© Sputnik/Ертай Сарбасов"Балалардың құқықтық қорғалуы 90%-ке жетті" - министрлік
Балалардың құқықтық қорғалуы 90%-ке жетті - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі өз құқығын білетінін көрсеткен
АСТАНА, 27 мамыр– Sputnik. "Қазақстан балалары" онкүндігі аясында оқу-ағарту министрлігі 2024 жылға арналған балалар әл-ауқаты индексінің алдын ала қорытындыларын шығарды.
"Биыл ерекше назар аударылған басты бағыттардың бірі — балалардың құқықтық жағынан қорғалу деңгейі болды. Жинақталған деректерге сәйкес, бұл көрсеткіш 90%-ке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр", - дейді министрлік.
Көрсеткіштің өсуі алдын алу және ақпараттық түсіндіру шараларының артуымен байланысты болған.
"Атап айтқанда, еліміздің барлық мектептерінде балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық диалог мәдениетін дамыту және құқықтарды қорғау жүйесіне сенімдерін нығайту мақсатында "Мен өз құқығымды білемін" ақпараттық айдары іске қосылды. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі өз құқықтарын білетінін және олар бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін жақсы түсінетінін көрсетті", - делінген хабарламада.
Индекстің әдістемесі 56 индикатор бойынша төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
Бала;
Отбасы және қоғам;
Мемлекеттік саясат;
Елдің әл-ауқаты.
Олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, дамуға жағдай жасау және бала тәрбиелеп отырған отбасылардың жалпы өмір сүру деңгейі сияқты негізгі салаларды қамтиды.
Случаи бытового насилия - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Қазақстанда әйелдер мен балалар құқығы қалай қорғалады: дөңгелек үстел
Жаңалықтар
0