Қазақстанда әйелдер мен балалар құқығы қалай қорғалады: дөңгелек үстел

© Sputnik / Табылды КадырбековСлучаи бытового насилия
Случаи бытового насилия - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2024
Жазылу
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту туралы атышулы заңды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр. Жиынға қатысушылар жаңа заңдар туралы сөз қозғайды.
Заң жобасы парламентке екі рет түсіп, 5 жыл бойы талқыланып, 15 сәуірде азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот процесі аясында қабылданған болатын. Бұл құжат халық арасында "Салтанат заңы" деген атқа ие болды.
Бір ғана ел парламентінің Сенатына Қазақстан азаматтарынан, қоғамдық және құқық қорғау ұйымдарынан әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның қабылдануын қолдайтын 5 мыңнан астам ресми өтініштер келіп түскен.
Заңдағы жаңашылдықтар туралы айтып беретін спикерлер:
Бейісов Болат Мұхаметханұлы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың заңнаманы жетілдіру бөлімінің басшысы;

Қаржаспеков Руслан Есенгелдіұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы.
Жаңалықтар
0