Ақтөбе облысында шахтада төтенше жағдай болды - үш адам зардап шекті

© AP Photo / Luca BrunoАқтөбе облысында шахтада өрт болды - үш адам зардап шекті
Ақтөбе облысында шахтада өрт болды - үш адам зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Монтаждау жұмыстарын жүргізген үш адамның беті мен қолы күйген
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының "Болашақ" шахтасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды "Қазхром" компаниясының баспасөз қызметі.

"Монтаждау жұмыстарын жүргізген үш кезекші электр слесарі зардап шекті. Қызметкерлердің беті мен қолын күйіп қалды", - дейді компаниядағылар.

Зардап шеккендер Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Екі жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.
"Үш адам түрлі дәрежедегі күйік алып, жедел жәрдем бригадасымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Екі науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, үшінші науқас травматология бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Алматы облысында астық қоймасында жарылыс болды - бір адам көз жұмды
Жаңалықтар
0