https://sputnik.kz/20250526/almaty-oblysynda-astyq-qoymasynda-zharylys-boldy---bir-adam-koz-zhumdy-53895377.html
Алматы облысында астық қоймасында жарылыс болды - бір адам көз жұмды
Алматы облысында астық қоймасында жарылыс болды - бір адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Жансақтау бөлімінде үш адам жатыр, олардың жағдайы ауыр 26.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-26T17:18+0500
2025-05-26T17:18+0500
2025-05-26T17:23+0500
ұн
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_387f0e71976ab65aeccd787e7713a5dc.jpg
АЛМАТЫ, 26 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылындағы астық қоймасында жарылыс болды. Бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Азия Агрофуд" АҚ құрама жем зауытында жарылыс болды. Өрт сөндірушілер 100-ден астам адамды эвакуациялаған. "Өрт тоғыз қабатты екінші элеватор ғимаратының бірінші қабатында болған. Зауыттың 1377 шаршы метр аумағы өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 31 техника жұмылдырылды. Бір адам баспалдақ арқылы құтқарылды, зардап шеккен тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді", - дейді өңірлік төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 49 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. "Азия Агрофуд" АҚ хабарлауынша, зауыт аумағында ұн тозаңының жарылысы болған. "Қазіргі уақытта біздің басты басымдығымыз – зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсету, кәсіпорын аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқиғаның себептерін мұқият анықтау. Біз ішкі тексерісті бастадық және оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін тиісті органдармен толық ынтымақтастық орнаттық", – деді "АзияАгроФуд" АҚ басқарма төрағасы Саян Әшенов.
https://sputnik.kz/20250220/petropavlda-kollektorda-zharylys-bolyp-bes-adam-kuyip-qaldy-51032201.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_5346af89dd30f7f6684902bb76b2a4f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұн, жарылыс
Алматы облысында астық қоймасында жарылыс болды - бір адам көз жұмды
17:18 26.05.2025 (жаңартылды: 17:23 26.05.2025) Жансақтау бөлімінде үш адам жатыр, олардың жағдайы ауыр
АЛМАТЫ, 26 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылындағы астық қоймасында жарылыс болды. Бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Азия Агрофуд" АҚ құрама жем зауытында жарылыс болды. Өрт сөндірушілер 100-ден астам адамды эвакуациялаған.
"Өрт тоғыз қабатты екінші элеватор ғимаратының бірінші қабатында болған. Зауыттың 1377 шаршы метр аумағы өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 31 техника жұмылдырылды. Бір адам баспалдақ арқылы құтқарылды, зардап шеккен тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді", - дейді өңірлік төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 49 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды.
"Жансақтау бөлімінде үш адам жатыр. Науқастардың денесі 70-80% термиялық күйген. жағдайы ауыр. Толық көлемде уақтылы диагностикалау және емдеу үшін барлық қажетті шара қабылдануда", - дейді басқармадағылар.
"Азия Агрофуд" АҚ хабарлауынша, зауыт аумағында ұн тозаңының жарылысы болған.
"Қазіргі уақытта біздің басты басымдығымыз – зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсету, кәсіпорын аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқиғаның себептерін мұқият анықтау. Біз ішкі тексерісті бастадық және оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін тиісті органдармен толық ынтымақтастық орнаттық", – деді "АзияАгроФуд" АҚ басқарма төрағасы Саян Әшенов.