https://sputnik.kz/20250220/petropavlda-kollektorda-zharylys-bolyp-bes-adam-kuyip-qaldy-51032201.html
Петропавлда коллекторда жарылыс болып, бес адам күйіп қалды
Петропавлда коллекторда жарылыс болып, бес адам күйіп қалды
Sputnik Қазақстан
Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді 20.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-20T20:17+0500
2025-02-20T20:17+0500
2025-02-20T20:26+0500
жарылыс
құбыр
https://sputnik.kz/img/07e9/02/14/51023236_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_e995c242c0f3b0b102099e305c360054.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Петропавлда кәріз коллекторындағы жарылыс салдарынан "Қызылжар су" ЖШС-ның бес жұмысшысы зардап шекті. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Петропавловск.news.19 ақпан күні кешке Петропавлда Жуков көшесі, 36-үйдегі үйдің ауласында төтенше жағдай тіркелді. "Қызылжар су" ЖШС жұмысшылары кәріз коллекторындағы ескі құбырды бөлшектеп жатқан кезде жарылыс болды.Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.Оның айтуынша, науқастардың жағдайы қазіргі уақытта тұрақты, бірақ оларға ұзақ мерзімді ем қажет болады. Олар 7-10 күн ауруханада жатып, кейін амбулаторлық негізде емделуін жалғастырады.
https://sputnik.kz/20250218/kostenko-shakhtasyndagy-zharylys-106-tom-qylmystyq-is-sotqa-zholdandy-50946298.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/14/51023236_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_041afae3beef4508f211c40737acafe8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарылыс, құбыр
Петропавлда коллекторда жарылыс болып, бес адам күйіп қалды
20:17 20.02.2025 (жаңартылды: 20:26 20.02.2025) Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Петропавлда кәріз коллекторындағы жарылыс салдарынан "Қызылжар су" ЖШС-ның бес жұмысшысы зардап шекті. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды
Петропавловск.news.
19 ақпан күні кешке Петропавлда Жуков көшесі, 36-үйдегі үйдің ауласында төтенше жағдай тіркелді. "Қызылжар су" ЖШС жұмысшылары кәріз коллекторындағы ескі құбырды бөлшектеп жатқан кезде жарылыс болды.
Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.
"Бетінен жалпы аумағы 3%-ті құрайтын 1-2 дәрежелі күйік алған төрт ер адам ауруханаға жатқызылды. "Құлақ қуысының термиялық күйігі" диагнозымен бір науқас үйіне жіберілді", - деді жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Қайрат Мәжитов.
Оның айтуынша, науқастардың жағдайы қазіргі уақытта тұрақты, бірақ оларға ұзақ мерзімді ем қажет болады. Олар 7-10 күн ауруханада жатып, кейін амбулаторлық негізде емделуін жалғастырады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, газ-ауа қоспасының жарылуы болған. Салдарынан төтенше жағдай бригадасының бес мүшесі зардап шекті. Полицейлер еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады". - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.