Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы әшкереленді

© Photo : polisia.kzҚарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы әшкереленді
Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы әшкереленді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Жазылу
Тәртіп сақшылары бір тоннаға жуық химиялық прекурсор мен 500 грамнан астам дайын есірткі затын тәркіледі
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Қарағанды облысында мефедрон өндіретін жасырын есірткі зертханасы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасырын зертхана Бұқар-Жырау ауданының Жаңақала ауылында анықталды.

Арнайы тінту кезінде тәртіп сақшылары бір тоннаға жуық химиялық прекурсор мен 500 грамнан астам дайын есірткі затын тәркіледі.

"Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекс бойынша іс қозғалды, - дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов.

Бұл биылғы жылы анықталған екінші ірі есірткі зертханасы.
Бұған дейін Асыл ауылында 200 келіге жуық есірткі және оны өндіруге арналған кәсіби жабдықты тәркілеген болатын. Осы іске қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 25 жастағы ер азаматы мен 29 жастағы әйел ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Ақсу прокурорлары есірткі қылмысын ашты


Жаңалықтар
0