https://sputnik.kz/20250523/aqsu-prokurorlary-esirtki-qylmysyn-ashty-53826872.html
Ақсу прокурорлары есірткі қылмысын ашты
Ақсу прокурорлары есірткі қылмысын ашты
Sputnik Қазақстан
Әңгімелесу кезінде оқиғаға қатысушылардың бірі күмәнді әрекет етіп, сұрақтарға сенімсіз жауап берген 23.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-23T15:31+0500
2025-05-23T15:31+0500
2025-05-23T16:44+0500
есірткі
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_85a0ee0e5d4e9f80b19fb2c66dfdb337.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласында шетел азаматын пышақтау оқиғасын тергеу кезінде басқа қылмыс ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Биылғы 24 сәуірде мойын тұсынан бірнеше рет кесілген жарақатпен шетел азаматы қалалық ауруханаға жеткізілген.Әңгімелесу кезінде оқиғаға қатысушылардың бірі күмәнді әрекет етіп, сұрақтарға сенімсіз жауап берген.Тергеу шаралары нәтижесінде 120-дан астам орама, сондай-ақ оларды орау және сату үшін қолданылатын құралдар тәркіленді.Аталған қылмыстық топтың жарты жыл бойы Павлодар облысының аумағында заңсыз әрекетпен айналысып келгені анықталды.Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20250519/eki-khalyqaralyq-esirtki-arnasy-zhoyyldy-53662666.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0ee83c5bec3dc6b5908c0e5e5f7adda6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, қылмыс
Ақсу прокурорлары есірткі қылмысын ашты
15:31 23.05.2025 (жаңартылды: 16:44 23.05.2025) Әңгімелесу кезінде оқиғаға қатысушылардың бірі күмәнді әрекет етіп, сұрақтарға сенімсіз жауап берген
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласында шетел азаматын пышақтау оқиғасын тергеу кезінде басқа қылмыс ашылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Биылғы 24 сәуірде мойын тұсынан бірнеше рет кесілген жарақатпен шетел азаматы қалалық ауруханаға жеткізілген.
"Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында прокурорлар оқиға орнына дербес барып, тексеру жүргізді", - деп жазды облыс прокуратурасының сайты.
Әңгімелесу кезінде оқиғаға қатысушылардың бірі күмәнді әрекет етіп, сұрақтарға сенімсіз жауап берген.
"Жедел іс-шаралар барысында прокурорлар аталған әйелдің ұялы телефоны арқылы есірткі қоймаларының координаталарын, сондай-ақ оның жанында болған тыйым салынған заттарды анықтады", - делінген хабарламада.
Тергеу шаралары нәтижесінде 120-дан астам орама, сондай-ақ оларды орау және сату үшін қолданылатын құралдар тәркіленді.
Аталған қылмыстық топтың жарты жыл бойы Павлодар облысының аумағында заңсыз әрекетпен айналысып келгені анықталды.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.