https://sputnik.kz/20250526/fermerler-kopten-kutken-bagdarlama-qayta-iske-qosyldy-53891727.html
Фермерлер көптен күткен бағдарлама қайта іске қосылды
Фермерлер көптен күткен бағдарлама қайта іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Кредиттер бастапқы жарнасыз 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі 26.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-26T14:59+0500
2025-05-26T14:59+0500
2025-05-26T14:59+0500
ауыл шаруашылығы
техника
https://sputnik.kz/img/648/38/6483862_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_ed10d4bd9b6ee0d4b7b06e92d60bd0c1.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. "ҚазАгроҚаржы" компаниясы ауыл шаруашылығы техникасын 6 проценттік мөлшерлемемен лизингке беру бағдарламасы қайта басталғанын хабарлады.Бағдарлама бойынша Қазақстанда жасалған және құрастырылған өздігінен жүретін техниканы, атап айтқанда, тракторлар мен комбайндарды тиімді шарттармен сатып алуға болады. Кредиттер бастапқы жарнасыз 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.Оның айтуынша, бір клиент үшін 205 миллион теңгеге дейінгі көлемде және 3 техника сатып алуға мүмкіндік беріледі.Бағдарламаға қатысу үшін тelegram-ботта өтінім беру керек, я болмаса, "ҚазАгроҚаржы" АҚ өңірлік филиалдарына жүгінуге болады.Айта кетері, бүгінде "ҚазАгроҚаржы" компаниясы жылдық 5 процентпен жеңілдетілген лизинг бағдарламасына да жауапты. Ол барлық шаруаға арналған. Мөлшерлеме төмен, бірақ мерзімінде шектеу бар – 7 жылға дейін, сондай-ақ 10%-дан басталатын жарна төлеу қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250526/auyl-sharuashylygy-sanagyna-37-mlrd-tenge-bolindi-53887217.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/648/38/6483862_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_6015c1823ef4deda28b087d478bc247c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, техника
ауыл шаруашылығы, техника
Фермерлер көптен күткен бағдарлама қайта іске қосылды
Кредиттер бастапқы жарнасыз 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. "ҚазАгроҚаржы" компаниясы ауыл шаруашылығы техникасын 6 проценттік мөлшерлемемен лизингке беру бағдарламасы қайта басталғанын хабарлады.
Бағдарлама бойынша Қазақстанда жасалған және құрастырылған өздігінен жүретін техниканы, атап айтқанда, тракторлар мен комбайндарды тиімді шарттармен сатып алуға болады. Кредиттер бастапқы жарнасыз 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
"Фермерлер бұл бағдарламаның қайта іске қосылғанын күтті. Бағдарламаның негізгі басымдықтары өзгерген жоқ. Мөлшерлеме жылдық 6%, кепілдің қажеті жоқ және бірінші лизингтік төлем 0%-ға тең. Бұл - шаруалар үшін үлкен қолдау", - дейді "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.
Оның айтуынша, бір клиент үшін 205 миллион теңгеге дейінгі көлемде және 3 техника сатып алуға мүмкіндік беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін
тelegram-ботта өтінім беру керек, я болмаса, "ҚазАгроҚаржы" АҚ өңірлік филиалдарына жүгінуге болады.
Айта кетері, бүгінде "ҚазАгроҚаржы" компаниясы жылдық 5 процентпен жеңілдетілген лизинг бағдарламасына да жауапты. Ол барлық шаруаға арналған. Мөлшерлеме төмен, бірақ мерзімінде шектеу бар – 7 жылға дейін, сондай-ақ 10%-дан басталатын жарна төлеу қарастырылған.