https://sputnik.kz/20250526/auyl-sharuashylygy-sanagyna-37-mlrd-tenge-bolindi-53887217.html
Ауыл шаруашылығы санағына 3,7 млрд теңге бөлінді
Ауыл шаруашылығы санағына 3,7 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы статистика бюросының басшысы Мақсат... 26.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-26T13:56+0500
2025-05-26T13:56+0500
2025-05-26T13:56+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/08/46177124_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_62cd45f89b888cadcf28ab14522203c4.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бюджет қаржысы қайда жұмсаладыБюджеттен бөлінген қаржының басым бөлігі техникалық қолдауға және еңбекақыға жұмсалады. Ауыл шаруашылығы санағына 3700-ден астам адамды тарту жоспарланып отыр. Олар жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ конкурс пен арнайы оқытудан кейін іріктеледі.Санақ қалай өтеді1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында алдымен онлайн-сауалнама жүргізіледі. Респонденттер жүйеге тіркеліп, ЭЦҚ, QR-код немесе SMS арқылы авторизациядан өтуі қажет.Санақтан онлайн түрде өтуді ыңғайлы қылу үшін жергілікті әкімдіктер мен аумақтық статистика бөлімшелерінің ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылады. Сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша бюроның байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңыраулар сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, ал онлайн-сауалнама басталған кезеңде – тәулік бойы, аптасына жеті күн қабылданады.Ал санақтың екінші кезеңі 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді. Сол кезде 2 миллионға жуық үй шаруашылығы мен 300 мың ауыл шаруашылығы қамтылады. Заңды тұлғалар үшін сұрақтар жер және егіс алқаптары, мал басы, ауыл шаруашылығы техникасы және инфрақұрылымға байланысты болады. Сондай-ақ респонденттерден олардың қызметінің сипаттамалары, еңбек ресурстары және ауыл шаруашылығы қызметінің басқа да аспектілері туралы сұралады."Үй шаруашылықтарында біз жер аумағы туралы сұраймыз, олар маусымдық немесе көпжылдық дақылдар еге ма, мал немесе құс ұстай ма, оларды жайылымға шығара ма деген сияқты анағұрлым қысқартылған нұсқадағы сауалнама болады. Ұлттық статистика бюросы алынған деректердің анонимділігіне және оларды қатаң статистикалық мақсаттарда пайдалануға кепілдік беретінін атап өткім келеді. Сандар респонденттің бастапқы деректерін көрсетпей-ақ, жиынтық түрде өңделеді және жарияланады", - деп атап өтті Тұрлыбаев.
https://sputnik.kz/20250525/auyl-sharuashylygy-sanagy-300-qazaqstandyqqa-zhumys-usynylady-53864502.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/08/46177124_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2ae138a3030bf6ac3b73f7cd12e0ea3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы санағына 3,7 млрд теңге бөлінді
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бюджет қаржысы қайда жұмсалады
Бюджеттен бөлінген қаржының басым бөлігі техникалық қолдауға және еңбекақыға жұмсалады. Ауыл шаруашылығы санағына 3700-ден астам адамды тарту жоспарланып отыр. Олар жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ конкурс пен арнайы оқытудан кейін іріктеледі.
"Интервьюер мен нұсқаушы ретінде санаққа қатысқысы келетіндердің барлығы біздің 1446 байланыс орталығына өтініш қалдыра алады. Айта кетейік, өткен аптада біз "Қазпошта" АҚ-мен меморандум жасастық, онда ауыл шаруашылығы санағына интервьюерлер ретінде пошташыларды тарту мүмкіндігін қарастырдық", - деді Тұрлыбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында алдымен онлайн-сауалнама жүргізіледі. Респонденттер жүйеге тіркеліп, ЭЦҚ, QR-код немесе SMS арқылы авторизациядан өтуі қажет.
Санақтан онлайн түрде өтуді ыңғайлы қылу үшін жергілікті әкімдіктер мен аумақтық статистика бөлімшелерінің ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылады. Сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша бюроның байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңыраулар сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, ал онлайн-сауалнама басталған кезеңде – тәулік бойы, аптасына жеті күн қабылданады.
Ал санақтың екінші кезеңі 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді. Сол кезде 2 миллионға жуық үй шаруашылығы мен 300 мың ауыл шаруашылығы қамтылады. Заңды тұлғалар үшін сұрақтар жер және егіс алқаптары, мал басы, ауыл шаруашылығы техникасы және инфрақұрылымға байланысты болады. Сондай-ақ респонденттерден олардың қызметінің сипаттамалары, еңбек ресурстары және ауыл шаруашылығы қызметінің басқа да аспектілері туралы сұралады.
"Үй шаруашылықтарында біз жер аумағы туралы сұраймыз, олар маусымдық немесе көпжылдық дақылдар еге ма, мал немесе құс ұстай ма, оларды жайылымға шығара ма деген сияқты анағұрлым қысқартылған нұсқадағы сауалнама болады. Ұлттық статистика бюросы алынған деректердің анонимділігіне және оларды қатаң статистикалық мақсаттарда пайдалануға кепілдік беретінін атап өткім келеді. Сандар респонденттің бастапқы деректерін көрсетпей-ақ, жиынтық түрде өңделеді және жарияланады", - деп атап өтті Тұрлыбаев.