https://sputnik.kz/20250526/52-mln-zalal-qaragandy-oblysynda-qarzhy-piramidasynyn-qyzmeti-toqtatyldy-53894598.html
Залал - 52 млн: Қарағанды облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Залал - 52 млн: Қарағанды облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды 26.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-26T16:30+0500
2025-05-26T16:30+0500
2025-05-26T16:42+0500
қарағанды облысы
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ad200b538096bea68cdce7ea136bfd8d.jpg
АЛМАТЫ, 26 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында "Sincere Systems Group" қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі. Пирамиданың ұйымдастырушылары өздерін Ұлыбританиядан келген компания өкілдері ретінде көрсетіп, азаматтарға әртүрлі коммерциялық бағыттарға, соның ішінде медициналық каннабисті өсіру және жаһандық сатылымға инвестиция салуды ұсынған. Салдарынан 52 млн теңге залал келген. Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне: Теміртау қаласындағы жер учаскесі мен кемпингке, Астана қаласындағы пәтер мен автотұраққа тыйым салынды. Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынған, екіншісі — елден шықпау туралы қолхатпен босатылды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, іс материалдары тараптарға танысу үшін берілді.
https://sputnik.kz/20250508/aqtobede-kriptovalyuta-turinde-bonus-usyngan-qarzhy-piramidasynyn-qyzmeti-toqtatyldy-53311698.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_948a06c5e5215db0fbf4bd1ce29cc0bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, қаржы пирамидасы
қарағанды облысы, қаржы пирамидасы
Залал - 52 млн: Қарағанды облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
16:30 26.05.2025 (жаңартылды: 16:42 26.05.2025) Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды
АЛМАТЫ, 26 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында "Sincere Systems Group" қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп
хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Пирамиданың ұйымдастырушылары өздерін Ұлыбританиядан келген компания өкілдері ретінде көрсетіп, азаматтарға әртүрлі коммерциялық бағыттарға, соның ішінде медициналық каннабисті өсіру және жаһандық сатылымға инвестиция салуды ұсынған.
"Клиенттердің сенімін арттыру үшін жеке кабинеттері бар сайт құрылған. Онда пайдаланушылар ішкі SWP және SWCT токендері арқылы есепшоттарын толықтырып, фиаттық ақшаға айырбастаған. Күдіктілер түскен қаржыны жеке мақсаттарына пайдаланған", - дейді ведомство.
Салдарынан 52 млн теңге залал келген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне: Теміртау қаласындағы жер учаскесі мен кемпингке, Астана қаласындағы пәтер мен автотұраққа тыйым салынды.
Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынған, екіншісі — елден шықпау туралы қолхатпен босатылды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, іс материалдары тараптарға танысу үшін берілді.