Ақтөбеде криптовалюта түрінде бонус ұсынған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

© Pixabay / Gerd Altmann Биткоин
Биткоин - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазылу
Ұйым өзін электросамокаттарды жалға берумен айналысатын америкалық компания ретінде таныстырған
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Ақтөбеде қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Инвестициялық жоба ретінде жасырылған "Harmony Rider Technology" (HRT) қаржы пирамидасы екені анықталды.
Ұйым өзін электросамокаттарды жалға берумен айналысатын америкалық компания ретінде таныстырған.
"Ұйымдағылар азаматтарға күн сайын 12-ден 690 АҚШ долларына дейін табыс табуды уәде еткен. Сондай-ақ жаңа инвесторларды тартқаны үшін криптовалюта түрінде бонустар ұсынылған. Алайда іс жүзінде төлемдер жаңа салымшылардың қаражатынан жүзеге асырылған", - дейді ведомстводағылар.
Алаяқтық схема салдарынан 100-ден астам адам 197 млн теңгеге зардап шеккен. Ұрланған ақша криптовалюта әмияндарына, содан кейін жеке банк шоттарына аударылған.
Жаңалықтар
0