Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында электронды кезек жүйесі енгізіледі

© Photo : Мемлекеттік кірістер комитетіҚазақстан мен Өзбекстан шекарасында электронды кезек жүйесі енгізіледі
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында электронды кезек жүйесі енгізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Жазылу
Келіссөз нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үш негізгі құжатқа қол қойылды
АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Алматыда Орталық Азия елдері мен Қытай кеден қызметтері басшылары кездесті, деп хабарлайды Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті.
Кездесу аясында комитет төрағасы Жандос Дүйсембаев пен Өзбекстанның экономика және қаржы министрлігі жанындағы кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлонов арасында екіжақты кездесу өтті.
Олар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және көлік жүктемесін азайту мақсатында электронды кезек жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды", - деп жазылған хабарламада.
Келіссөз нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үш негізгі құжатқа қол қойылды.
"Құжаттар шекарадағы рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, техникалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және кедендік процестерді цифрландыруға бағытталған", - дейді ведомство.
Граница между Кыргызстаном и Казахстаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Шекарада "жасыл дәліздер" ашылады
Жаңалықтар
0