https://sputnik.kz/20250408/shekarada-zhasyl-dalizder-ashylady-52313677.html
Шекарада "жасыл дәліздер" ашылады
Шекарада "жасыл дәліздер" ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Туризим және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шетелдік тәжірибе негізінде шекарада жасыл дәліздердің болатынын мәлімдеді, деп... 08.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-08T18:12+0500
2025-04-08T18:12+0500
2025-04-08T18:12+0500
туристер
шекара
https://sputnik.kz/img/352/83/3528358_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_87c3652797d13a79cd7c4cc6acbd4dc3.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Туризим және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шетелдік тәжірибе негізінде шекарада жасыл дәліздердің болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ондай қызмет топпен жүретін туристерге шекарадан жылдам өтуге мүмкіндік береді.Министрдің мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстанға әртүрлі мақсатта 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Ал ішкі туристердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 900 мыңға артып, 10,5 млн адамға жеткен. Осылайша, қазақстандықтар елдің ішінде көптеп саяхаттайтын болды.Айта кетері, алдағы уақытта барлық әуежай мен шекара бекетінде QR-код жүйесі болады. Министр Мырзабосынов Қазақстанға туристерді көптеп тарту мақсатында әрбір облыста жыл сайын бір ауқымды шара өткізуді ұсынып отыр.
https://sputnik.kz/20250408/barlyq-auezhay-men-shekara-beketinde-qr-kod-zhuyesi-bolady--ministr-52293743.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/352/83/3528358_304:0:3035:2048_1920x0_80_0_0_2761a758f2d579fa56b3b9df98035fd7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, шекара
Шекарада "жасыл дәліздер" ашылады
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Туризим және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шетелдік тәжірибе негізінде шекарада жасыл дәліздердің болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ондай қызмет топпен жүретін туристерге шекарадан жылдам өтуге мүмкіндік береді.
"Туристердің сапарын жеңілдетіп жайлы ету мақсатында шекаралық өткізу пункттерінде ұйымдастырылған туристік топтарға басымдық беру – жасыл дәліз тетігін енгізу көзделуде. Қазіргі уақытта бұл механизм Ресей мен Қырғызстан шекарасында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді Мырзабосынов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстанға әртүрлі мақсатта 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Ал ішкі туристердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 900 мыңға артып,
10,5 млн адамға жеткен. Осылайша, қазақстандықтар елдің ішінде көптеп саяхаттайтын болды.
Айта кетері, алдағы уақытта барлық әуежай мен шекара бекетінде
QR-код жүйесі болады. Министр Мырзабосынов Қазақстанға туристерді көптеп тарту мақсатында әрбір облыста жыл сайын бір ауқымды шара өткізуді ұсынып отыр.