Бектенов президент Алматының жаңа әкіміне қандай міндеттер жүктегенін айтты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПлощадь "Астана" в Алматы после реконструкции
Площадь Астана в Алматы после реконструкции - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Жазылу
Жаңа әкімнің алдына инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылды
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы активіне жаңа әкім Дархан Сатыбалдыны таныстырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Премьер-министр Алматы әкімдігінің алдына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және экономика құрылымын әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ жол-көлік жүйесі, экология, өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT-сектор, креативті индустрия саласында тапсырмалар берілді.
Қала активімен кездесуде премьер-министр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ерболат Досаевқа қаланың қаржы-экономикалық әлеуетін дамыту жөніндегі белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді. 2024 жылы қаланың Қазақстанның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 21,8%-ға дейін өсті. Мегаполисте президенттің тапсырмасы бойынша бюджетті орталықсыздандыру, абаттандыру, жаңа әлеуметтік нысандар салу және т. б. жұмыстар жүргізілуде.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов пен президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.
"Жиналыс барысында депутаттарға мемлекет басшысының Алматы қаласының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановты ұсыну туралы хаты оқылды", - деп хабарлады үкімет.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 32 депутаттың 23-і Дархан Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді. Бейбіт Шахановтың кандидатурасын 9 депутат жақтады. Қазақстан президентінің тиісті жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
Дархан Сатыбалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Алматы әкімі тағайындалды
Жаңалықтар
0