Баланы құтқарған студент медальмен марапатталды

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіЕрасыл Омарханов "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды
Ерасыл Омарханов Суға батқандарды құтқарғаны үшін медалімен марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Жазылу
Ерасыл Омарханов Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан баланы жағаға аман-есен алып шыққан
АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Баланы құтқарған студент Төтенше жағдайлар министрлігінің медалімен марапатталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрдің бұйрығымен суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, жанқиярлығы үшін Қазақстан - Америка Еркін университетінің 2-курс студенті Ерасыл Омарханов "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
"Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Біздің өңірде өскелең ұрпақтың лайықты үлгі алатын осындай батырлар барына қуаныштымын!" - деп атап өтті ведомстволық марапатты табыстаған ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Ерасыл Омарханов Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. Бала әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүрген кезде суға құлап кеткен, судың ағыс оны алып кете бастаған. Ерасыл дер кезінде баланы құтқарып қалды.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жетісу облысында полиция қызметкері үш баланы құтқарып қалды
Жаңалықтар
0