https://sputnik.kz/20250524/almaty-oblysynda-mektep-tulegi-qaytys-bolgan-zherde-ne-bolyp-zhatyr-foto-53855984.html
Алматы облысында мектеп түлегі қайтыс болған жерде не болып жатыр (ФОТО)
Алматы облысында мектеп түлегі қайтыс болған жерде не болып жатыр (ФОТО)
Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі көршілерден мән-жайды сұрады 24.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-24T15:58+0500
2025-05-24T15:58+0500
2025-05-24T16:05+0500
мектеп түлегі
қанды оқиға
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/18/53854907_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8f8d2a8955744e1f96bd2bafc754884b.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылындағы орта мектептің түлегі сыныптасының қолынан қаза тапқанын бұған дейін хабарлаған едік. Оқиға болған жерге Sputnik Қазақстан тілшісі барып, мән-жайды біліп қайтты.Қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні болған. Оқушылар жалға алған коттедждің есігіне мөр басылған, кіруге рұқсат жоқ.Sputnik Қазақстан тілшісі көршілерден мән-жайды сұрады. Айтуларынша бұл демалыс орны экс-прокурордың меншігі."Бұл үйді ылғи жалға береді. Бағасы бір тәулікке шамамен 100-120 мың теңге. Саяжайдың иесі бұрын қала прокуроры болған, қазір зейнеткер. Бір бұл емес, осы көшенің бойындағы талай үйді сатып алған", - дейді саяжай маңындағы көршілер.Тұрғындар күзеті жоқ саяжайда бір күні жанжал болатыны анық еді деп отыр."Таңғы сағат бесте жұмысқа шығып едім, 7-8 полиция көлігі тұр екен. Не болды деп сұрап едім, адам өлді деді. Саяжайды жалға берген соң оны күзету керек, демалушылардың қауіпсіздігіне назар аудару керек. Бұл жерге кім келіп, кім кетпей жатыр", - дейді Шолпан есімді көрші.Еске сала кетейік, орта мектептің 11-сынып оқушылары мектеп бітіру кешін атап өтпек болып, Қырғауылды ауылының маңындағы "Dolan hills" коттеджін жалға алған. Көңілді кештен ата-аналарының ватсап чатына фотолар жіберіп, жағдайдан хабардар етіп тұрған. Алайда екі оқушы арасында жанжал шығып, бірі екіншісіне кәуап пісіретін шампурды сұғып алған. Оқушы оқиға орнында көз жұмды.Екі оқушының да ата-анасы қарапайым еңбек адамдары екен. Полиция сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінген бозбаланы оқиға орнында ұстады."Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті деп танылған жәбірленушінің сыныптасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді облыстық полиция департаменті.Білім басқармасына ұсыныс енгізілген.
https://sputnik.kz/20250524/oqushy-synyptasyn-oltirdi-akimdik-tyn-derekterdi-zhariyalady-53853660.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/18/53854907_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_00bf7cacff6f86e9b396fb168985f782.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
мектеп түлегі, қанды оқиға, алматы облысы
мектеп түлегі, қанды оқиға, алматы облысы
Алматы облысында мектеп түлегі қайтыс болған жерде не болып жатыр (ФОТО)
15:58 24.05.2025 (жаңартылды: 16:05 24.05.2025) Sputnik Қазақстан тілшісі көршілерден мән-жайды сұрады
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылындағы орта мектептің түлегі сыныптасының қолынан қаза тапқанын бұған дейін хабарлаған едік. Оқиға болған жерге
Sputnik Қазақстан тілшісі барып, мән-жайды біліп қайтты.
Қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні болған. Оқушылар жалға алған коттедждің есігіне мөр басылған, кіруге рұқсат жоқ.
Sputnik Қазақстан тілшісі көршілерден мән-жайды сұрады. Айтуларынша бұл демалыс орны экс-прокурордың меншігі.
"Бұл үйді ылғи жалға береді. Бағасы бір тәулікке шамамен 100-120 мың теңге. Саяжайдың иесі бұрын қала прокуроры болған, қазір зейнеткер. Бір бұл емес, осы көшенің бойындағы талай үйді сатып алған", - дейді саяжай маңындағы көршілер.
Тұрғындар күзеті жоқ саяжайда бір күні жанжал болатыны анық еді деп отыр.
"Таңғы сағат бесте жұмысқа шығып едім, 7-8 полиция көлігі тұр екен. Не болды деп сұрап едім, адам өлді деді. Саяжайды жалға берген соң оны күзету керек, демалушылардың қауіпсіздігіне назар аудару керек. Бұл жерге кім келіп, кім кетпей жатыр", - дейді Шолпан есімді көрші.
Еске сала кетейік, орта мектептің 11-сынып оқушылары мектеп бітіру кешін атап өтпек болып, Қырғауылды ауылының маңындағы "Dolan hills" коттеджін жалға алған. Көңілді кештен ата-аналарының ватсап чатына фотолар жіберіп, жағдайдан хабардар етіп тұрған. Алайда екі оқушы арасында жанжал шығып, бірі екіншісіне кәуап пісіретін шампурды сұғып алған. Оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Екі оқушының да ата-анасы қарапайым еңбек адамдары екен. Полиция сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінген бозбаланы оқиға орнында ұстады.
"Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті деп танылған жәбірленушінің сыныптасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Білім басқармасына ұсыныс енгізілген.