https://sputnik.kz/20250524/oqushy-synyptasyn-oltirdi-akimdik-tyn-derekterdi-zhariyalady-53853660.html
Оқушы сыныптасын өлтірді: әкімдік тың деректерді жариялады
Оқушы сыныптасын өлтірді: әкімдік тың деректерді жариялады
Sputnik Қазақстан
Күдікті шашлық шампурын сыныптасының кеуде тұсына сұғып алған 24.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-24T14:13+0500
2025-05-24T14:13+0500
2025-05-24T14:25+0500
оқушы
төбелес
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15256087_0:151:3103:1896_1920x0_80_0_0_20585722e70cbb017749754884abb181.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі мектеп оқушысының өліміне қатысты тың деректерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Материалды жинау барысында 2025 жылдың 23 мамырында "Қырғауылды" орта мектебінің 11 "Б" сынып оқушылары мектеп бітіргендерін тойлауды ұйғарған, осыған байланысты аталған оқушылардың ата-аналары "Dollan Hills" коттедж қалашығынан коттедж жалға алған", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.Ресми ақпарат бойынша бұл туралы мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне хабарланбаған. Оқиға болған түні мессенджер-чаттарда ата-аналар балаларының үйде екенін растайтын фотоесеп жіберген.Еске сала кетейік, полиция адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
https://sputnik.kz/20250524/almaty-oblysynda-oqushy-synyptasyn-oltirdi-53853452.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15256087_186:0:2917:2048_1920x0_80_0_0_7a993c0e4065707e3ecf1484b9fd7b46.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, төбелес
Оқушы сыныптасын өлтірді: әкімдік тың деректерді жариялады
14:13 24.05.2025 (жаңартылды: 14:25 24.05.2025) Күдікті шашлық шампурын сыныптасының кеуде тұсына сұғып алған
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі мектеп оқушысының өліміне қатысты тың деректерді жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Материалды жинау барысында 2025 жылдың 23 мамырында "Қырғауылды" орта мектебінің 11 "Б" сынып оқушылары мектеп бітіргендерін тойлауды ұйғарған, осыған байланысты аталған оқушылардың ата-аналары "Dollan Hills" коттедж қалашығынан коттедж жалға алған", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Ресми ақпарат бойынша бұл туралы мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне хабарланбаған. Оқиға болған түні мессенджер-чаттарда ата-аналар балаларының үйде екенін растайтын фотоесеп жіберген.
"Мерекені тойлау кезінде сыныптастар А.Қадыр мен О.Ілияс жанжалдасып, салдарынан О.Ілияс шашлық шампурымен кеуде тұсына бір соққы жасаған. А.Қадыр сол жерде көз жұмған. Жедел іздестіру барысында 2008 жылы туған О.Ілияс анықталып, ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, полиция адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.