Шерзатқа дер кезінде көмек көрсетілгенде аман қалатын еді – сот-медициналық сарапшы

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Сот-медициналық зерттеу жүргізген сарапшылардан жауап алынды
АЛМАТЫ, 23 мамыр – Sputnik. Шерзат Полаттың ісіне қатысты сотта сот-медициналық сараптама жүргізген сарапшылардан жауап алынды. Олар Шерзатың алған жарақаты мен сипаты туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот-медициналық сарапшы Мұхит Көшеровтың айтуынша, марқұмның сол жақ кеуде тұсында жарақат болған. Жарақат артқы қолтық асты сызығында, 5-ші, 6-шы қабырға арасына салынған. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі жараланған.
"Сыртқы жараның көлемі 2 см, жара бағыты арттан алдыға қарай салынған. Жарақаттың тереңдігі шамамен 12 см. Оң көзінің асты қанталаған. Осы тұсында сызаттар бар. Оң қолының 2,3,4,5 саусақтары қанталаған. Бесінші саусағы шытынаған. Оң жоқ иығының төмен жағында екі жері қанталаған. Сол қолында 5-ші саусағы жарақаттанған", - дейді Мұхит Көшеров.
Оң жақ жіліншігінің үштен бір бөлігінде сызат бар.
Шүйде бөлігі қанталаған. Желке тұсында 6-да 3,5 см жарақат бар.
"Өлімге ұшыратқан - сол жақ кеуде қуысына салынған жарақат, сол жақ өкпе жарақаты, 1,5 миллилитр қан ұйыған. Ал қалған жарақаттардың өлімге тікелей байланысы жоқ. Бұл жарақаттар адам өміріне зиян келтірмейді", - деді ол.
Пышақ жарақаты болмағанда аман қалар еді, деді сарапшы.
Мұндай жарақат алғаннан кейін адамның белсенділігі қысқа уақытта тоқтайды. Өкпе бірден қанға толып, басқа ағза мүшелеріне зақым келе бастайды.
Мұндай жарақат дер кезінде көмек көрсетілмесе көп жағдайда өлімге әкеп соғады. Егер пышақ жарақатын алған соң дереу көмек көрсетілсе, тірі қалуы мүмкін еді, дейді Мұхит Көшеров.
Айыптау тарабы "егер пышақ жарақатын алған соң артынан қуып, ол қашпаса аман қалуы мүмкін бе еді?" деген сұрағына сарапшы:

"Егер дер кезінде ауруханаға жатқызылып, ота жасалса аман қалуы мүмкін еді. Өкпеден бірден қан кетеді, егер сол қанды толтырып үлгерсе аман алып қалуға болады. Өкпеге жарақат салынса бітті, қан атқылайды", - деп түсіндірді сарапшы.

Көшеровтың айтуынша, 1,5 миллилитр қан жоғалтқаны сараптама жүргізгенде анықталған. Ал оған дейін қанша қан жоғалтқанын білмейміз, деді ол.
Қолдағы жарақат пышақтан емес, қатты заттан болған.
"Бұндай жарақат жәбірленуші өзі соққы жасағанда да болуы мүмкін", - дейді Көшеров.
Бет сүйекке жасалған соққыдан болуы мүмкін бе деген сұраққа сарапшы жауап бере алмады.
Басы екіге айырылмаған, бірақ желке тұсында қан ұйыған. Сарапшы қаруды сипаттап бере алмайтынын айтты.
Шерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Шерзат соты: судья қызметтік тексерістің нәтижесін жариялады
Жаңалықтар
0