Шерзат соты: судья қызметтік тексерістің нәтижесін жариялады

© SputnikШерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы
Шерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
Сот отырысында күдіктілерге қатысты бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кеткен
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде күдіктілердің бейнежазбасы әлеуметік желіге тарап кеткен. Сотта қызметтік тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
21 сәуірде болған онлайн сот отырысында күдіктілерге қатысты бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кеткен. Осыған байланысты сотта қызметтік тексеріс болды. Судья тексеру нәтижесі туралы айтты.
"Қызметтік тексеріс барысында сот процесінен таратылған техникалық трансляцияны уақытылы тоқтатпағаны, салдарынан күдіктілердің бейнежазбасы эфирге шығып кеткені анықталды. Техникалық қызметкерлер Рүстем Муксинов, Назира Оразалиева және Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жазаға тартылды", - деді судья.
Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнежазбаға жеке қаулы шығару үшін судья кеңесу бөлмесіне кетті.
Судья қаулы шығарып, облыстық прокуратураның назары аударылсын деді.
"Сотталушылар қаулының көшірмесін алған күннен бастап 15 тәулік ішінде, ал сот мәжілісіне қатысқандар қаулы жария етілген күннен бастап белгіленген мерзім ішінде Алматы облысы қылмыстық істер жөнінегі мамандандырылған ауданаралық соты арқылы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасына шағым түсіруге немесе прокурорға өтініш беруге құқылы", - деді судья.
Прокурор бейнежазбаның шынайылығын, олардың кімге қатысы барын анықтайтын болады, дейді судья. Ол сондай-ақ кез келген жолмен арандатушылыққа жол берілмейтінін айтты.
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Шерзат Полаттың ісі: терезеден видеоға түсірген жасөспірімнің жауабы тыңдалды
Жаңалықтар
0