Samruk-Kazyna Construction экс-директорына халықаралық іздеу жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Ол "Дорстройтрест" серіктес басшысымен бірге "Көк-Төбе" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
АЛМАТЫ, 23 мамыр - Sputnik. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарушы директоры мен "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

"2022 жылы қаңтарда Samruk-Kazyna Construction мен "Дорстройтрест" серіктестігі арасында құрылысқа инвестиция салу туралы келісімшарт жасалып, 2,6 млрд теңге көлемінде аванс төленген. Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған және өрескел бұзылған", - дейді агенттік.

Ал күдіктілер алдын ала алған ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсаған.
"Сонымен қатар 650 млн теңге жалған шарттар арқылы компаниялардың шотына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық жолмен алынған кіріске 23 млн теңге тұратын екі автокөлік сатып алынып, оларды тәркілеуден жасыру үшін сенімді адамдардың атына рәсімделген", - дейді ведомство.
Сот санкциясымен күдіктілердің 170 млн теңге тұратын барлық мүлкіне – 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды. Оларды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
"Samruk-Kazyna Construction" бұрынғы басқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланды.
"Samruk-Kazyna Construction" (бұрынғы "Самұрық-Қазына "жылжымайтын мүлік қоры") Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2009 жылы құрылды. Компания тұрғын үй құрылысы объектілеріне инвестиция құюды жүзеге асырады.
Архивное фото задержанного в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
Жаңалықтар
0