Халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивное фото задержанного в наручниках
Архивное фото задержанного в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Жазылу
Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін сотталған
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Бас прокуратура адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады.
Күдікті Қостанайда жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішіп, өзара араздық салдарынан оның басы мен денесіне көптеген соққы жасаған, салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.
Жауапкершіліктен құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.
"Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін сотталған", - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.
Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.
Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0