Қазақстан мен Ресей +7 телефон кодын бірлесіп пайдаланады
Жазылу
Келісім жобасы "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды
АЛМАТЫ, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресей +7 телефон кодын бірлесіп пайдаланады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы 7-ші аймақтың нөмірленуін бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасы "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.
"Қазақстан: +7 0, +7 6, +7 7, Ресей: +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 диапазондарын пайдаланады", - деп келісім жобасында айтылған.
Талқылау 2 маусымға дейін жалғасады.