Қазақстанның телефон коды өзгеруі мүмкін

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон
Смартфон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстанның телефон коды +7-ден +77 болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр қазір біздің телефон кодымыз +7 екенін атап өтті. АҚШ-ға сапары барысында Мусин ITU – телекоммуникация саласындағы стандарттарды айқындайтын халықаралық ұйымның басшысымен кездескен.
"Біз ол кісімен осы мәселені талқыладық. +997 кодына көшу қиын емес, бұл нөмір біз үшін резервке қойылған. Бірақ мен ITU басшысына +7 орнына +77 кодын қалдыруды ұсынды. Алайда ITU бір күн ішінде шешім қабылдай алмайды, өйткені ол халықаралық ұйым және мұндай өтініштер бойынша отырыстар өткізіп, мәселені талқылауы керек. Бірақ бізге кодты ауыстыру ұсынысын талқыға салуға уәде берді", - деді Мусин үкімет кулуарында.
Бұған дейін цифрлық даму министрлігі Қазақстан 2023 жылдың қаңтарынан жаңа телефон кодына көшуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.
 iPhone X  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Енді іPhone-да Қазақстаннан қоңырау шалынғаны көрініп тұрады
Жаңалықтар
0