Алматыда үш жасар балаға аса күрделі операция жасалды

© Photo : денсаулық сақтау министрлігіАлматыда 3 жасар балаға аса күрделі ота жасалды
Алматыда 3 жасар балаға аса күрделі ота жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Ауру соқыр ішекке жасалған операциядан кейін асқынған
АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Педиатрия және балалар хирургиясы республикалық ғылыми орталығында үш жасар балаға аса күрделі операция сәтті жасады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
© Photo : денсаулық сақтау министрлігіАлматыда 3 жасар балаға аса күрделі ота жасалды
Алматыда 3 жасар балаға аса күрделі ота жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Алматыда 3 жасар балаға аса күрделі ота жасалды
Бала бұрын өткерген соқыр ішек ауыр салдары – перитониттің асқынуынан іш қабырғасында бірнеше ішек жыланкөзімен ауырған.
"Бала алғаш рет 2022 жылдың қазан айында тұрғылықты жері бойынша шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, "Жіті гангренозды-тесілген аппендицит, ішектердің арасында бірнеше іріңді абсцесс, жайылған іріңді-нәжісті перитонит" деген диагноз қойылып, операция жасалған болатын", - делінген хабарламада.
Операция 4,5 сағатқа созылды. Тәжірибелі хирургтар командасының үйлесімді жұмысының арқасында асқынулар жойылып, ішектің өткізгіштігі қалпына келтірілді.
"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр. Оң динамика байқалуда: ішектің жұмысы қалпына келді, жалпы жағдайы жақсарды. Бұл біз үшін жай ғана хирургиялық жеңіс емес. Бұл – кішкентай пациенттің толыққанды өмірге қадам басуы", — деді №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мөлдір Қалабаева.
Шымкентте 1 кг салмақты сәбиге күрделі ота жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Шымкентте салмағы 1 кг сәбиге күрделі ота жасалды
Жаңалықтар
0