Шымкентте салмағы 1 кг сәбиге күрделі ота жасалды

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКШымкентте 1 кг салмақты сәбиге күрделі ота жасалды
Шымкентте 1 кг салмақты сәбиге күрделі ота жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Жазылу
Сәбидің туғанына небәрі 45 күн ғана болды
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Шымкент қалалық перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі болатын сәбидің жүрегіне күрделі операция сәтті жасалды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКШымкентте 1 кг салмақты сәбиге күрделі ота жасалды
Сложную операцию младенцу провели в Шымкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Шымкентте 1 кг салмақты сәбиге күрделі ота жасалды
Сәбидің туғанына небәрі 45 күн болды. 25-ші аптада дүниеге келген нәресте наурыз айының басында орталықтың жаңа туған балалардың қарқынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр болды. Зерттеп-қарау нәтижесінде дәрігерлер "ашық артериялық өзек" (туа біткен жүрек ақауы) диагнозын қойып, оған қоса респираторлық дистресс-синдромды анықтады.
"Сәбидің жағдайы аса ауыр болғандықтан, ол бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Диагноздың күрделілігіне байланысты перинаталдық орталықтың дәрігерлері бірнеше рет қаладағы кардиохирургтармен кеңесті. Сәбиге 45 күн толып, салмағы 1 келіге жеткенде, дәрігерлер жүрегіне операция жасау туралы шешім қабылдады. Ашық артериялық өзекке жасалған күрделі және аса дәлдікті қажет ететін бұл операция сәтті өтті", - делінген хабарламада.
Операцияны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов пен анестезиолог-реаниматолог Ақжол Әбдірайымов жасады. Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты ауыр. Ол перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің тұрақты бақылауында.
Астанада дәрігерлер үш айлық сәбидің миына күрделі ота жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2025
Астанада дәрігерлер үш айлық сәбидің миына күрделі ота жасады
Жаңалықтар
0