2025 жылы елде балалар құқығы 171 рет бұзылған – омбудсмен

© Photo : АкордаМемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жазылу
Мемлекет басшысы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева президентке елде бала құқытарының бұзылуына қатысты деректерді баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Зәкиева биыл 13 өңірдегі және 73 елді мекендегі ахуалға мониторинг жүргізілгенін хабарлады. Соның ішінде 272 мекемедегі балаларға жасырын сауалнама жүргізілгенін, 173 отбасыда тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің жағдайымен танысқанын айтты. Тексеріс қорытындысы бойынша бала құқықтарын қорғауға қатысты қабылданған заң нормаларын бұзған 171 дерек анықталған.
"Аймақтардағы 112 отбасылық қолдау орталығының тиімді жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, облыс әкімдіктері жанынан бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құру жұмыстары қолға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде "Қазақстан халқына" қоры серіктестерімен бірге 49 оңалту орталығын ашты. Бұл мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетіледі.
Тоқаев бала құқықтарын қорғауға кепілдік беру жүйесін нығайтып, жеткіншектерді жан-жақты қолдау тетігін қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік уәкілдердің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы мектептердегі инклюзивті білім беру ісін дамытуды көздейтін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Неформальный саммит лидеров ОТГ в Будапеште - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Тоқаев бауырлас елдерді ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды
Жаңалықтар
0