https://sputnik.kz/20250521/toqaev-bauyrlas-elderdi-iri-infraqurylymdyq-zhobalardy-birlesip-zhuzege-asyruga-shaqyrdy-53756353.html
Тоқаев бауырлас елдерді ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды
Тоқаев бауырлас елдерді ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды
Sputnik Қазақстан
Президент еліміз Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекарадағы рәсімдерді цифрландыру үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын атап өтті 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T19:50+0500
2025-05-21T19:50+0500
2025-05-21T19:50+0500
түркі мемлекеттері ұйымы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53754381_0:30:1280:750_1920x0_80_0_0_94c5fe927486b66c3a0a82d7bfebb15f.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бауырлас елдерді ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды, деп хабарлайды Ақорда.Соның ішінде "Солтүстік – Оңтүстік" бағыты бойынша халықаралық көлік қатынасын дамыту қажет. Аталған жоба түркі елдерінің өңірлік транзит хабы ретіндегі рөлін едәуір нығайтады.Президент сондай-ақ ұйымға мүше елдерді өзара қол жеткізген келісімдерді сақтауға үндеді.Мемлекет басшысы соңғы кездегі тарифке қатысты оқиғалар жаһандық сауда саясатындағы өте үлкен өзгерістерге себеп болғанына назар аударды.Президент мұндай дағдарыстар түрлі сын-қатер тудырумен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын алға тартып, өнеркәсіп, көлік-транзит, ауыл шаруашылығы, цифрландыру сияқты бағыттар бойынша бірлесе әрекет етуді ұсынды.Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді Шығыс пен Батыстың арасындағы негізгі көпірге айналдыруды стратегиялық міндет ретінде атады. Бұл ретте президент еліміз Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекарадағы рәсімдерді цифрландыру, жүк транзитін жеңілдету үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын, сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол бекетін ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
https://sputnik.kz/20250521/toqaev-biz-turki-birligin-nygaytamyz-53756154.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53754381_121:0:1160:779_1920x0_80_0_0_1c7c46a78bf4964a1bfd8293c25fc74b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркі мемлекеттері ұйымы, қасым-жомарт тоқаев
түркі мемлекеттері ұйымы, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев бауырлас елдерді ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды
Президент еліміз Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекарадағы рәсімдерді цифрландыру үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын атап өтті
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бауырлас елдерді ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды, деп хабарлайды Ақорда.
Соның ішінде "Солтүстік – Оңтүстік" бағыты бойынша халықаралық көлік қатынасын дамыту қажет. Аталған жоба түркі елдерінің өңірлік транзит хабы ретіндегі рөлін едәуір нығайтады.
Президент сондай-ақ ұйымға мүше елдерді өзара қол жеткізген келісімдерді сақтауға үндеді.
"Тағы бір аса маңызды мәселе, бұл – біздің Ұйымның шеңберінде қабылданған құжаттардағы ережелерді қатаң сақтау. Процедура мәселесі болсын, саяси және экономика сұрақтары болсын – келісімдердің ережелерінің барлығын құрметтеу, сақтау қажет, міндетті түрде іске асыру керек", – деді президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде.
Мемлекет басшысы соңғы кездегі тарифке қатысты оқиғалар жаһандық сауда саясатындағы өте үлкен өзгерістерге себеп болғанына назар аударды.
Президент мұндай дағдарыстар түрлі сын-қатер тудырумен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын алға тартып, өнеркәсіп, көлік-транзит, ауыл шаруашылығы, цифрландыру сияқты бағыттар бойынша бірлесе әрекет етуді ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді Шығыс пен Батыстың арасындағы негізгі көпірге айналдыруды стратегиялық міндет ретінде атады. Бұл ретте президент еліміз Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекарадағы рәсімдерді цифрландыру, жүк транзитін жеңілдету үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын, сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол бекетін ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.