"Жазаны қатаңдату қажет!": сенатор бұзақылардың көбейгеніне алаңдап отыр

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан парламентінің ғимараты
Қазақстан парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
Сенаторлар учаскелік инспекторлардың әлеуетін арттыру қажет деп санайды
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Сенатор Геннадий Шиповских бұзақылардың көбейгеніне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін жоғары палатаның депутаты бір топ әріптестерімен бірге үкімет басшысына сауал жолдап, бұқазылықтың өршіп кеткенін мәлімдеді.
"Соңғы уақытта ел ішінде ұрлық, орынсыз жанжал, бейәдеп әрекеттер мен көпшілік алдында жұдырық жұмсау, яғни төбелесу секілді көріністер жиілеп кетті. Мұндай бұзақылықтар қоғамда үрей тудырып, жұртшылықтың әділет пен тәртіпке деген сенімін әлсіретуде. Тіпті, әкім орынбасарының өміріне қастандық жасау фактісі тіркеліп отыр. Сондай-ақ, мектептерде бұқазылық өршіп тұр. Балалар мектепке оқуға бара ма, әлде, біреуді ұруға немесе төбелесуге бара ма, адам баласы түсінбейді", - деді Шиповских сенат отырысында.
Осы орайда ресми статистиканы да келтірді. Оған сәйкес, 2010 жылы Қылмыстық кодексінің бұзақылық бабы бойынша 26 адам сотталса, 2024 жылы 460 адам жазаға тартылды. Ал ұсақ бұзақылық істерінің саны 2022 жылы 15 282 болған. Былтыр 21 917-ге дейін көбейді.
"Тұрмыстық ортада, мектептерде, қоғамдық көліктер мен көшелерде мұндай жағдайлар жиі кездесіп, азаматтардың өміріне қауіп төндіруде", - деді Шиповских.
Сенаторлар бұзақылық пен ұсақ бұзақылықытң алдын алу бойынша кешенді ұлттық жоспар әзірлеуді ұсынып отыр. Сондай-ақ, учаскелік инспекторлардың әлеуетін арттыру қажет деп санайды.
"Сосын бұзақылық жасағандарға, әсіресе, қайталаған құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату мәселесін қарастыру керек", - дейді сенатор.
Словари - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жасанды интеллект қазақ тілінің цифрлық сөздігін пайдаланады – сенат заңды мақұлдады
Жаңалықтар
0