Жасанды интеллект қазақ тілінің цифрлық сөздігін пайдаланады – сенат заңды мақұлдады

© Sputnik / Абзал КалиевСловари
Словари - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаттары қазақ тілінің цифрлық сөздігін құруға арналған заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң аясында мемлекеттік тілге қатысты ауқымды шаралар атқарылады.
Олар:
қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын мемлекеттік ақпараттық жүйе ретінде құру;
қазақ тілінің ұлттық корпусын барлық стиль мен жанр мәтіндерін қамтитын ақпараттық-анықтамалық жүйе ретінде құру;
қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеу, генерациялау және талдау үшін жасанды нейрондық желіге негізделген қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін ауқымды тіл моделін қалыптастыру;.
Жоғары білім және ғылым вице-министрі Ахмет-Заки Дархан Жұмақанұлының айтуынша, соңғы үш-төрт жылдың ішінде қазақ тілінің ұлттық корпусы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты негізінде қалыптастырылып жатыр. Оған қажетті қаржы да бөлінді.
"Соның нәтижесінде біраз қажетті сөздер қолданысқа енгізілді. Әрине, осы жүйеде қазақ тілінің орфографиялық ережелері де ескерілді. Сондықтан бүгінде бұл әдеби тұрғыда ең таза сөз корпусы болып саналады.", - деді Жұмақанұлы сенаттың бүгінгі отырысында.
Ал қазақ тілінің ұлттық корпусы мен сөздік қоры негізінде қазақ тіліндегі жасанды интеллект моделі жұмыс істейді. Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі KAZ-LLM тілдік моделін таныстырған. Дәл сол желіде қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеуге, генерациялауға және талдауға болады.
"Біз жиналған сөздерді пайдаланып, соған үйретеміз. Оған қаржы да бөлінді. Осы шараларды консорциум негізінде бірнеше университет атқарып жатыр", - деп атап көрсетті вице-министр.
Сенат депутаттары заңды бірауыздан мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
Искусственный интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Тоқаев жасанды интеллект экономиканы түбегейлі өзгерте алатынын атап өтті
Жаңалықтар
0