https://sputnik.kz/20250522/olshep-kormek-bolgan-astanalyq-politseyler-saqina-urlygyn-ashkereledi-53786446.html
"Өлшеп көрмек болған": Астаналық полицейлер сақина ұрлығын әшкереледі
"Өлшеп көрмек болған": Астаналық полицейлер сақина ұрлығын әшкереледі
Sputnik Қазақстан
Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады 22.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-22T21:50+0500
2025-05-22T21:50+0500
2025-05-22T21:50+0500
астана
алтын құйма
полиция
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_8:0:1373:768_1920x0_80_0_0_2f50d02ccee14fee06fdf338673dd3ec.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Астанада зергерлік дүкендерде ұрлық жасап келген гастролер ұры ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полицияға алтын бұйым сататын бутиктің иесі жүгінді. Ол белгісіз біреудің сауда нүктесінен алтын сақинаны ұрлап кеткенін хабарлаған.Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады.Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 54 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасын ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ер адам бұрын да бірнеше рет сотталған. Тергеу барысында оның осындай тағы 8 ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталды.
https://sputnik.kz/20250407/turkistan-oblysynda-mln-tengenin-altyn-buyymdary-urlandy-52272349.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_178:0:1202:768_1920x0_80_0_0_3f43eba0798c25ff5abf24508d772d9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, алтын құйма, полиция
астана, алтын құйма, полиция
"Өлшеп көрмек болған": Астаналық полицейлер сақина ұрлығын әшкереледі
Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Астанада зергерлік дүкендерде ұрлық жасап келген гастролер ұры ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға алтын бұйым сататын бутиктің иесі жүгінді. Ол белгісіз біреудің сауда нүктесінен алтын сақинаны ұрлап кеткенін хабарлаған.
"Бейнебақылау камералары бұл құпияны ашуға көмектесті. Жедел уәкілдер жазбаларды қарап, күдіктінің сатушыны алаңдатып, бірнеше ерлерге арналған мөрлі сақины "өлшеп көргісі келетінін" айтып, сол сәтте бір сақинаны қалтасына салып, дүкеннен шығып кеткенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 54 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасын ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ер адам бұрын да бірнеше рет сотталған. Тергеу барысында оның осындай тағы 8 ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталды.