Түркістан облысында млн теңгенің алтын бұйымдары ұрланды

© Photo : СС0 / an_photosЗолотое кольцо
Золотое кольцо - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
Ал ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қарыздарына төлеген
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында полиция ауылдасының үйіне түсті деген күдікпен жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында Сауран ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығы қылмысын ашты.
Белгілі болғандай, 19 жастағы жігіт ауылдасының үйінен ұрлық жасаған. Ол күндізгі уақытта үйде ешкім жоқтығына көз жеткізіп, есікті сындырып кірген. Содан жатын бөлмеден құны миллион теңгеге жуық болатын бірнеше алтын бұйымды жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ал ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қарыздарына төлеген.
Тәртіп сақшылары қолды еткен мүліктің бір бөлігін тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Древние артефакты обнаружили в Атырауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Атырау облысынан сармат дәуіріне тиесілі көне жәдігерлер табылды
Жаңалықтар
0