https://sputnik.kz/20250128/atyrau-oblysynan-sarmat-dauirine-tiesili-kone-zhadigerler-tabyldy-50340790.html
Атырау облысынан сармат дәуіріне тиесілі көне жәдігерлер табылды
Атырау облысынан сармат дәуіріне тиесілі көне жәдігерлер табылды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Атырау облысында 500-ге жуық сармат обасы бар 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T09:30+0500
2025-01-28T09:30+0500
2025-01-28T09:31+0500
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1c/50338064_0:112:1080:720_1920x0_80_0_0_516663b94a39e4ebd92a907e114ecc62.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында ғалымдар Қызылқоға ауданындағы қорымдардан елде бұрын-соңды кездеспеген бұйымдарды тапты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.2023-2024 жылдары қорғанға жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 9 қабір зерттеліп, оның жетеуінің тоналмағаны анықталды. Қабірлерді зерттеу барысында олардың біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда салынғаны белгілі болды. Олардан түрлі әшекей бұйым, заттар, қару-жарақтар мен керамикадан, сүйектен жасалған ыдыстар табылды.Археологтардың айтуынша, мәйіттерді топтап жерлеген жағдайлар да кездескен. Обалардан табылған әшекейлер мен пайдаланған бұйым мен қару-жарақтарға қарап мамандар "патшалық обалар" деген баға беріп отыр.Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің 2 жылдық археологиялық жұмысының нәтижесі "Сармат алтындары" көрмесінде таныстырылды.Осы зерттеу жұмысының аясында бұрын кездеспеген ағаштан жасалған қос тостаған жақсы күйде сақталыпты. Қазіргі уақытта олар реставрацияда екенін атап өтті экспедиция басшысы.Жалпы 3 оба қазылған. Әрқайсысынан шамамен 10-15 қабір анықталып отыр. Археологтардың айтуынша, сарматтар тәңірлік діни көзқараста болғандықтан қолданған бұйымдарымен қатар, қолданған заттары мен қару-жарақтарымен бірге жерленген."Қарақұдық-1", "Қарақұдық-2" қорғандары Қарабау ауылынан солтүстік батысқа қарай 9,7 шақырым қашықтықта орналасқан. Қос қорғанды зерттеу барысында да күміс пиктограмма(ақбөкеннің, қасқырдың суреттері), зергерлік бұйымдар,тұрмыстық бұйымдар, темір мен қоладан жасалған қару-жарақтар сынды дүниелер табылды."Елімізде бұрын-соңды кездеспеген алтын тұтқасы бар сынама тастың екеуі "Қарабау-2" қорғанынан табылды. Бұрын сарматтықтар алтынның дұрыстығын, яғни, сапасын осы тас арқылы анықтаған. Қазіргі уақытта осындай тасты алтын сатып алумен айналысатындар пайдаланады. Жерлеу орындарынан адамның киіміне тағылған алтын жапсырмалар табылғанын да айта кетейін. Олардың салмағы 2 граммнан басталады. Ең ауыр алтын әшекей – екі жағында тау барысы бейнелеген білезік. Оның салмағы шамамен 370 граммды құрайды", - деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Ғаламат Базарбаев.Қазба жұмыстарына 20 жұмысшы мен музейдің 5 қызметкері қатысқан. Астана мен Алматы қаласынан антропологтар шақырылған. Жалпы барлау жұмыстарының нәтижесінде Қарабау ауылының маңындағы обалар 2005 жылы анықталыпты.Археологтардың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысында 500-ге жуық сармат обасы бар.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1c/50338064_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_4f3702ac1aced09ad36d3e79d3cd4a12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы
Атырау облысынан сармат дәуіріне тиесілі көне жәдігерлер табылды
09:30 28.01.2025 (жаңартылды: 09:31 28.01.2025) Қазіргі уақытта Атырау облысында 500-ге жуық сармат обасы бар
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында ғалымдар Қызылқоға ауданындағы қорымдардан елде бұрын-соңды кездеспеген бұйымдарды тапты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
2023-2024 жылдары қорғанға жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 9 қабір зерттеліп, оның жетеуінің тоналмағаны анықталды. Қабірлерді зерттеу барысында олардың біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда салынғаны белгілі болды. Олардан түрлі әшекей бұйым, заттар, қару-жарақтар мен керамикадан, сүйектен жасалған ыдыстар табылды.
Археологтардың айтуынша, мәйіттерді топтап жерлеген жағдайлар да кездескен. Обалардан табылған әшекейлер мен пайдаланған бұйым мен қару-жарақтарға қарап мамандар "патшалық обалар" деген баға беріп отыр.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің 2 жылдық археологиялық жұмысының нәтижесі "Сармат алтындары" көрмесінде таныстырылды.
"Ғалымдар осыған дейін біздің аймақты Сармат империясының шеті деп есептеп келген. Біз жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесіне қарап Каспий ойпаты, Жайық, Жем өзенінің маңы кезіндегі үлкен империяның орталығы деп айтуға болады. Жалпы табылған жәдігердің саны мыңға жуықтайды. Оның жүз шақтысы — алтын әшекей мен зергерлік бұйым. Олар аң стилі негізінде жасалған. Сол дәуірде өңірді мекендеген жыртқыштардың бейнесі (барыс, қабан, жолбарыс, киік) табылған заттардан байқауға болады", - деді археологиялық экспедицияның басшысы Марат Қасенов.
Осы зерттеу жұмысының аясында бұрын кездеспеген ағаштан жасалған қос тостаған жақсы күйде сақталыпты. Қазіргі уақытта олар реставрацияда екенін атап өтті экспедиция басшысы.
Жалпы 3 оба қазылған. Әрқайсысынан шамамен 10-15 қабір анықталып отыр. Археологтардың айтуынша, сарматтар тәңірлік діни көзқараста болғандықтан қолданған бұйымдарымен қатар, қолданған заттары мен қару-жарақтарымен бірге жерленген.
"Қарақұдық-1", "Қарақұдық-2" қорғандары Қарабау ауылынан солтүстік батысқа қарай 9,7 шақырым қашықтықта орналасқан. Қос қорғанды зерттеу барысында да күміс пиктограмма(ақбөкеннің, қасқырдың суреттері), зергерлік бұйымдар,тұрмыстық бұйымдар, темір мен қоладан жасалған қару-жарақтар сынды дүниелер табылды.
"Елімізде бұрын-соңды кездеспеген алтын тұтқасы бар сынама тастың екеуі "Қарабау-2" қорғанынан табылды. Бұрын сарматтықтар алтынның дұрыстығын, яғни, сапасын осы тас арқылы анықтаған. Қазіргі уақытта осындай тасты алтын сатып алумен айналысатындар пайдаланады. Жерлеу орындарынан адамның киіміне тағылған алтын жапсырмалар табылғанын да айта кетейін. Олардың салмағы 2 граммнан басталады. Ең ауыр алтын әшекей – екі жағында тау барысы бейнелеген білезік. Оның салмағы шамамен 370 граммды құрайды", - деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Ғаламат Базарбаев.
Қазба жұмыстарына 20 жұмысшы мен музейдің 5 қызметкері қатысқан. Астана мен Алматы қаласынан антропологтар шақырылған. Жалпы барлау жұмыстарының нәтижесінде Қарабау ауылының маңындағы обалар 2005 жылы анықталыпты.
Археологтардың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысында 500-ге жуық сармат обасы бар.