Мобильді аударымдар мен QR-төлемдер: ұлттық банк келесі айдағы өзгерістерді жариялады

© Sputnik / Санат ИмангалиевМобильді аударым
Мобильді аударым - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
Маусым айынан бастап бес банктің клиенттері телефон нөмірімен бір-біріне мобильді аударымдар жасай алады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Келесі айдан бастап бірнеше банктің арасында мобильді аударымдар жасауға болады. Бұдан бөлек, жақын арада ортақ QR-кодпен төлеу қызметі енгізіледі. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Маусым айынан бастап бес банк - Halyk, Freedom Bank, Altyn Bank, RBK мен Home Credit Bank клиенттері телефон нөмірімен бір-біріне мобильді аударымдар жасай алады.
Жалпы, ұлттық төлем операторы 9 банкпен келісімшарт жасаған болатын. Қалған төртеуі - Банк Центркредит, Bereke, Нұрбанк пен Forte телефон нөмірі бойынша банкаралық мобильді аударымдарға біртіндеп қосыла береді.
Сондай-ақ, ортақ QR-кодпен төлеу қызметі де енгізіледі. Оны жылдың аяғына дейін іске асыру жоспарланып отыр.
"Мәселен, адам бір банктің клиенті, ал дүкенде басқа банктің терминалы тұр. Соған қарамастан, адам өз банкінің қосымшасымен QR-кодты сканерлеп, төлем жасай алады", - деді Шолпанқұлов Астанада өткен брифингте.
Оның айтуынша, банктер ортақ QR-кодпен төлем жасағаны үшін комиссия ұстауы мүмкін. Дегенмен, бәсекелестіктің арқасында комиссиялардың мөлшері артпайды, керісінше, төмендей береді.
Мачта базовой станции интернет-компании, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ұлыбритания, Германия елдерінен озды
Жаңалықтар
0