Конституциялық сот "Болашақ" бағдарламасына қатысты шешім шығарды

© Photo : ORTCOM.KZКак поспасть в число стипендиатов "Болашак"
Как поспасть в число стипендиатов Болашак - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Конституциялық сот "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін қашықтан жұмыс істеуге қатысты өз шешімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сотқа арызданған ер адам халықаралық стипендияны тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының бір тармақшасын Конституцияға сәйкестігін тексеруді талап етті. Атап айтқанда, бағдарлама түлектері оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан аумағында қызметін өтеуге міндетті. Ал өтініш беруші еңбек қызметін қашықтықтан жүзеге асыруға рұқсат беретін Еңбек кодексіне жүгінді. Оның ойынша, "Болашақтың" оқуын еңбекпен өтеу үшін Қазақстан аумағында нақты болу міндетті емес.
"Конституциялық сот "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыту тараптардың өзара келісімі бойынша оқу басталғанға дейін жасалатын азаматтық шарт негізінде жүзеге асырылатынын көрсетті. Мұндай келісім тараптардың, оның ішінде оқудан кейін тікелей Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өтеу жөніндегі міндеттемелерді алдын ала ерікті түрде қабылдауын көздейді. Бұл шарт Ережелерде ғана емес, білім туралы заңнан да туындайды", - делінген сот шешімінде.
Осылайша, "Болашақ" бағдарламасының жұмыспен өтеу жөніндегі ереженің нормасын Конституцияға сәйкестігін тексеруге негіз жоқ болып шықты.
Астанадағы қайырымдылық балы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
"Болашақ" бағдарламасы: бакалавриатқа бөлінетін гранттардың саны жарияланды
Жаңалықтар
0